ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік алған жиырма жылдың ішінде салт-дәстүріміз дәріптеліп, адамзат баласын имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін асыл дініміз - Ислам кең қанат жайып келеді. Еліміздегі мұсылман қауымы республикамызды мекендеген өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тіршілік етіп, тату-тәтті өмір сүруде. Тұрақтылықбаянды болашақтың кепілі, оның маңызы баршамыз үшін зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық түсіністік өзге мемлекеттерге үлгі боларлықтай жоғары деңгейге жетті. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы халықаралық Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етті. Бұл - еліміздегі діни ахуалдың дұрыстығының арқасында қол жеткізген басты жетістіктеріміздің бірі.

Құрбан айт мерекесімейірімділіктің, жақындарымыз бен аға ұрпаққа деген қамқорлықтың нышаны. Бұл ретте, құрбан шалу дәстүрі шын жүректен, ізгі тілекпен мұқтаж жандарға көмектесуге бағытталған. Осы күні әрбір отаудың есігі келемін деушілерге айқара ашық. Халық қонақтарды құшақ жая қарсы алып, өздері де туған-туысқандарының, дос жарандарының үйлерін аралайды. Себебі, қонақ келсе, ырыстың белгісі. Үлкендерге құрмет көрсетіп, өмірден өткендердің рухына арнап құран бағыштап, бір-біріне деген реніштерін кешіреді.

Биылғы Құрбан айт мерекесі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұсылман қауымының ұлы мерекесі алдағы уақыттарда адамдарды рухани тұрғыда жақындастыруға, біздің басты байлығымыз - өзара келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына, нығаюына ықпал ете беретіні сөзсіз.

 

Құрметті павлодарлықтар!

Осынау қасиетті мереке қарсаңында өздеріңізге деген ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар. Шын ниетпен бақыт, бейбітшілік пен амандық және зор денсаулық тілеймін!

 

Павлодар облысының әкімі

Б.САҒЫНТАЕВ

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30