ЖЫЛУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

«Павлодарэнерго» АҚ мамандары осылай дейді

Биыл Павлодар қаласындағы жылу-электр орталықтары тұрғын үйлерді жылумен уақытылы қамтамасыз етті. «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамы өкілдерінің айтуынша, осы жылы жабдықтарды жаңарту мен қалпына келтіру жұмыстары толықтай жүзеге асты. Бұл компанияның ел ішіндегі сенімділігін арттырып, жоспарлы жұмысқа серпін берері сөзсіз.

«Павлодар жылу желілері» акционерлік қоғамының президенті Анатолий Анищуктің сөзіне сүйенсек, биыл жазда жылу орталықтарында бұрын-соңды болмаған жөндеу жұмыстары жүзеге асқан. Жылу құбырларының диаметрлері ұлғайтылып, Павлодар қаласындағы №37 және №27 жылу тораптары іске қосылды. Сондай-ақ, №3 жылу- электр орталығының аумағына жаңа насос станциясы салынды. №2 орталықта құны бір миллион АҚШ доллары тұратын жаңа су қазандықтары орнатылды. Атқарылған жұмыстардың арқасында облыс орталығының солтүстік бөлігі тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Жоспарлы жұмыс келесі жылы да жалғасын таппақ.

- Бұл күнде №2 және №3 орталықтардың жұмысы жаңаша қарқынмен алға басты. Аталған кәсіпорындардың барлық желілері «Өнеркәсіптік» станциясына келеді. Осы жерден ірі өнеркәсіптік тұтынушыларға энергия таратылады. Бірнеше жыл бұрын аталған станцияда апаттық жағдайлар жиі орын алды. Сондықтан, мұндай олқылықтар қайталанбас үшін кәсіпорынның барлық құрылғыларын ауыстыруға тура келді. Жаңа аккумуляторлар батареялары орнатылды. Қазіргі таңда фарфорлық изоляцияның тірек өзекшелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа құрылғылардың көбі Ресей Федерациясынан алынды. Жабдықтарды жаңалауға 50 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды, - дейді «Павлодар электр желісін тарату компаниясы» АҚ президенті Федор Бодрухин. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға төрт жыл мерзім берілген. Жөндеу жұмыстарының осыншама уақытқа созылуы қаражатқа немесе жабдықтарды жеткізу мәселесіне байланысты емес. Оны акционерлік қоғамның президенті былайша түсіндірді: «Жалпы, қуатты тұтынушылар қосылған секцияны ауыстыру - өте күрделі жұмыс. Біз тұтынушылар жабдықты қай уақытта жөндейтінін күтеміз. Тек екі тарап келіскен соң барып, жұмыстар жүргізіледі».

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге мораторий енгізілгендіктен, №2 және №3 орталықтардың қуаттылығын арттыру жер қойнауын пайдалануды рәсімдеу жұмыстарын қиындатып тұр. Компанияларға қарасты күл үйінділері толып қала береді. Сондықтан, құмдақ жерлер молынан қажет. Аталмыш мәселе қазіргі таңда Үкімет қолдауын күтіп отыр. Күл үйінділері қалаға жақын орналасқан ауылдар үшін төтенше жағдай тудыруы мүмкін. Үйінділерді бөгеп тұрған бөгет бұзылса, алдымен Мойылды ауылы зардап шегеді. Жер қойнауын пайдалануды рәсімдеу мәселесі оң жолға қойылса, бұл іс те өз шешімін табар еді, - дейді «Павлодарэнерго» АҚ өндіріс басқармасы төрағасының орынбасары Владимир Шевцов.

Жалпы, тұрғын үйлерді жылу және электрмен қамтамасыз ету бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Мамандардың пікірінше, алдағы уақытта еркін экономикалық аймақ құру мәселесі зор маңызға ие. «Павлодар электр желісін тарату компаниясы» АҚ президенті Ф.Бодрухиннің айтуынша, аталған жоба станция жұмысын жандандыруға айрықша ықпал етпек. Бұл ретте, станцияның шығыс бөлігін дамытуға мол мүмкіндік бар.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30