«Исабек ишан» қоры есеп берді

 

Осыдан біраз уақыт бұрын өңіріміздегі ынталы топтың ұйғарымымен Исабек ишан атындағы қайырымдылық қоры құрылған болатын. Аталмыш қордың алқа мәжілісінде қабылданған шешім негізінде, көпшіліктің ұсынысымен Екібастұз қаласына қарасты АқкөлЖайылмада жерленген Исабек Ишан хазірет пен Жандарбек қожа кесенелерін салу қолға алынған. Жақында қор мүшелері кесененің тұрғызылу барысы жайлы, әрі қордың бір жыл көлемінде атқарған жұмыстарына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Оған қор жетекшісі Зейнілғабиден Құсайынов пен мүшелері - С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Ерлан Арын, республикалық «Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті Мұхит Омаров, «СМР-Павлодар» ЖШС-нің басшысы Серікбай Бояубаев, «Павлодар-жер ҒӨО» кәсіпорнының директоры Әбілхақ Түгелбаев қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Құрылысқа «Исабек ишан» атындағы қор тарапынан ұйымдастырылған көптеген қайырымдылық шараларда халықтан түскен қаражат пен бірқатар кәсіпкер азаматтардың демеушілік ретінде берген қаржысы жұмсалған.

Қайырымдылық қоры мүшелерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде, 2010 жылдың қараша айында шырақшы үйінің құрылысы аяқталса, соңғысында биыл кесенелер мен намазхана салынып, жаңа қоршау мен қақпа орнатылған. Маңғыстаудан келген мамандандырылған құрылысшылар тобы небары 3 айдың ішінде кесене құрылысын аяқтады. Сапасы ерекше құрылыс материалдары да Маңғыстау жерінен әкелінген. «Жалпы алғанда, кесенелер тарихи-мәдени үлкен бір кешенге айналмақ. Бұл құрылыс барша жұртшылықтың атсалысуымен салынды десе де болады» - дейді қор мүшелері. Сол секілді, мазарлардың салынуы барысында ұйымдастыру жұмыстары мен басшылық жасауда білек сыбана кіріскен ел азаматы, Қазақстан электролиз зауытының вице-президенті Жұмабек Қамзиннің еңбегі ерекше болғандығын атап өтті. Кесененің ашылу салтанаты қараша айының ортасына қарай жоспарланып отыр.

Тағы бір ерекшелеп айтатын жаңалық, қор «Исабек ишан» атты кітап басып шығарған. Исабек ишан әулетінің дін таратудағы орасан еңбегі мен әулиелік қасиетін паш етер жайттар енгізілген. Әулиелермен жүздескен азаматтардың естеліктері берілген. Е.Арынның айтуынша, бұл кітап кейінгі буынға әулиелердің тарихынан мол мағлұмат бермек. Сондай-ақ, бұл еліміздегі қожалар тарихына ерекше тоқталған, олар туралы ақпараттарды кеңінен қамтыған алғашқы кітап болып отыр.

Қор тарапынан өңіріміздің ақын-жазушылары мен ғалымдар, суретшілер мен композиторлардың арасында арнайы шығармашылық конкурс жарияланған болатын. Оған бірқатар азаматтардың шығармалары мен өнер туындылары келіп түскен. Аталмыш конкурс қорытындысы кесененің ашылу салтанаты барысында жария болмақ.

Айналасы бір жылдың ішінде толағай істер атқарған қайырымдылық қор мүшелері әйгілі бабаларды насихаттау жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ. Қор мүшесі Мұхит Омаров: «Ақкөл-Жайылма жерінде әлі де көптеген әулие-әмбиелердің зираттары жатыр, ол тұлғалар біздің өткен тарихымыздың ажырамас бөлшегі болып табылады. Ал, оларды танып білу, ұлықтау кейінгі буынға аманат болып табылады» - деді.

Ж.ТОЙШЫБАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30