Оқыс жел шатырды ұшырды

 

Жексенбі күні облыста оқтын-оқтын қар аралас жаңбыр жауып, екпіні қатты жел соқты. Соның салдарынан бірқатар ғимарат-тардың шатырлары ұшып, электр қуатынан ажырап қалды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, 6 қараша күні ышқына соққан жел Ақсу ферроқорытпа зауытын апатты жағдайға қалдырып, электр желісін зақымдаған. Павлодар электр тарату компаниясының желілері де істен шығып, сол себепті Ақсу қаласының тұрғын үйлері де электр қуатынан айырылды. Апатты оқиғаның салдары 50 минуттан соң жойылды.

Қатты желден зардап шеккендер қатарында Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының, Успенка ауданы Тобылжан ауылы мектептерінің және облыс орталығындағы «Баспасөз үйінің» ғимараттары да бар. Оқыс жел шатырларды жұлып әкеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қазірде келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.

 

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30