МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ!

 

Алдағы жылдары еліміздегі барлық аймақтық басылымдардың өз алдына жеке сайттары болады. Кез келген қалалық, аудандық газеттерде басылған материалдарды әлемнің қай түпкірінен болмасын, ғаламтордан ашып оқуға мүмкіндік туады. Бұған еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігі қолдау жасап отыр. Атап өтерлігі, басылымдар үшін бұл сайт парақшалары тегін жасалып, ақысыз қызмет көрсететін болады.

Министрліктің тапсырмасымен Baq.kz ақпараттық порталы бұл бастаманы биылдан бастап қолға алды. Порталдың негізгі жұмысы интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тардың сайттарын көбейту және барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру болып табылады. Осылайша, қазақ тілді ақпарат құралдарының рейтингін көтеру, ғаламтордағы қазақ тілді контент сапасын жақсарту, Қазақстан аумағымен бірге одан сыртқары жерлерді де қамтитын ауқымды аудиторияға бағытталған ұлттық идеяны жүзеге асыру өміршең етілмек.

Еліміз бойынша бүгінде интернет желісіне тіркелген 62 мыңнан астам домендік адрес бар болса, соның небары 12 пайызы ғана қазақ тілінде жұмыс істейтін сайттар. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазіргі күні ғаламтордағы ана тіліндегі ресурстарды көбейтуге көңіл бөлінуде. Бұл мақсатты іске асыруға жоғарыдағы бағыт басты негіздердің біріне айналып отыр.

Baq.kz порталының менеджері Жазира Оқубаеваның айтуына қарағанда, аймақтық басылымдардың сайттары аталған порталдың ішінде жеке интернет-парақша ретінде құрылады. Порталдағы «Аймақтық БАҚ» бөлімінде бүгінде еліміздің 54 баспасөз құралы топтасып үлгерген. Әр ақпарат құралы сайтын дербес пайдаланып, материалдарды өз бетімен орналастыруға, түзетуге құқылы. «БАҚ.kz-ті дамыту бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде біз порталға сайттары бар теле-радио арналарды, газет-журнал, электронды БАҚ-тарды топтастыру жұмыстарымен шұғылдандық. Ендігі шаруа – сайттары жоқ аудандық, қалалық газет-журналдарды ғаламторға қосу. Министрліктің бізбен мақұлдаған жоспары бойынша алдағы уақытта еліміздегі барлық өңірлік газет-журналдар осындай жолмен ғаламторға көшірілуге тиіс», дейді портал өкілі.

Қазіргі уақытта біздің облыста өз алдына жеке сайты бар басылымдар некен-саяқ, ал аудандық газеттердің бірде-бірінде интернет бетінде тым болмағанда парақшалары да жоқ. Сондықтан, бұл кемшіліктің орнын түзейтін мүмкіндікті уақытында пайдаланып қалған абзал. Ғаламдық желіге қосылғысы келген қандай да болмасын газет-журнал baq.kz порталында арнайы бет ашуға ұмтылуы тиіс. Бұл үшін алдымен аталған порталға тіркелу процестерінен өтіп, бет ашуға рұқсат алса болғаны. Одан әрі портал әкімшілігі сайт парақшасын әзірлеп береді. Әр сайт иесі жыл сайын домендік адресті (домендік адрес деген мәселен «saryarka-samaly.kz») пайдаланғандары үшін небары 4360 теңге төлейді. Бүгінде республика бойынша елуден астам аудандық газеттер өз интернет-беттерін ашып үлгерген.

Кеңжолақты ғаламтор қазіргі күні ауылға қолжетімді бола бастағанын ескерсек, басылым сайтын ашу болашақта үлкен мүмкіндіктерге, газет таралымын арттыруға жағдай тудыратынын ескеруіміз қажет. Облыста сайт ашуды мақсат еткен басылымдар бар болса, қажет ақпаратты www.baq.kz порталынан ала алатынын ескертіп өтейік.

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30