Қалалық филиалда – жаңа төраға

 

Сейсенбі күні «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Шара барысында қалалық партия филиалының жаңа төрағасы тағайындалды. Делегаттар басшылыққа бірауыздан Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Әлиғазыұлы Қайыргелдиновті лайық деп тапты.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина партияның қалалық құрылымы жетекшілігіне ұсынылған үміткердің өмірбаянына тоқталып, оның басқарушылық тәжірибесінің молдығын атап өтті. Бұған дейін филиал тізгінін ұстаған бұрынғы қала әкімі Б.Жоламановтың тұсында бірқатар оң істердің атқарылғанын да айтты.

Өз кезегінде О.Қайыргелдинов артылған сенімнің үдесінен шығатынына, Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға күш салатынына уәде берді.

Конференция қатысушылары қалалық партия филиалының саяси бюросы, саяси бюро кеңесі және жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Партия мүшесі В.Жамулдинов жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұдан кейін қалалық мәслихат депутаттары А.Винерцев пен И.Теренченконың «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасын іске асыруға байланысты атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері тыңдалды. Соңында жаңадан партия қатарына өткен азаматтарға мүшелік куәліктер салтанатты түрде табысталды.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30