Мүгедектер мұқтажына құлақ асты

 

Қоғамдық ортада мүмкіншілігі шектеулі жандарды алаңдататын мәселелер аз емес. Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тито Сыздықов Павлодар қалалық зағиптар қоғамы өкілдерімен кездесіп, оларды толғандырған мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Халық қалаулысы қоғам өкілдерімен бұған дейін де кездескен болатын. Мәжіліс депутатының қабылдауында зағиптар қоғамының төрағасы Арынғали Бердиев мүгедектер атынан бірқатар шағымдарды айтқан. Олар барлық санаттағы мүгедектерге жеңілдіктер беру, шипажайларға демалуға жолдама бөлу, сондай-ақ, зағиптар қоғамына қажетті техника құралдарын алу мәселелерін көтерді. Мүгедектерді алаңдатқан осындай мәселелер халық қалаулысының бақылауына алынып, парламенттік сағатта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықоваға жеткізген екен. Кездесу барысында осы туралы кең тұрғыда әңгімеленді. Тито Уақапұлы зағиптарға ғана емес, барша мүгедек жандарға қатысты мәселелер туралы түсініктеме беріп, зағиптар қоғамы мүшелеріне компьютерлік техниканы тарту етті.

- Көтерілген мәселелерді жіті тыңдадым. Мүгедектерге берілетін жәрдемақының аздығы, қоғамдық көлік қызметі негізгі проблемалар қатарында өткір тұр. Осы мәселелерді шешу жолдарын жергілікті атқару органдары қолға алуы керек, - деді Т.Сыздықов.

Әңгіме барысында зағиптар қоғамына қаржылай көмек көрсетуге бағытталған мәселе де қозғалды. Т.Сыздықовтың айтуынша, оны шешудің бірден бір жолы - қор ашу. Ол сонымен қатар аталған мәселені қатаң бақылауға алып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін Павлодар өңірінің қалталы азаматтарын тарту бойынша жұмыстарды қолға алатынына уәде берді.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30