2012: АДАМЗАТТЫ АЛДА НЕ КҮТІП ТҰР?

 

Жиырма бірінші ғасыр басталғалы жер бетіндегі адамзатты «заманақыр» атты қорқыныш жаулап алды. Небір сәуегейлер көріпкелдік жасап, «адам баласының күні бітуге таяу, соңғы күнге дайындалыңдар» деп халықты қоймай үрейлендіруде. Бұл аздай, ежелгі Майя күнтізбесіне сәйкес «2012 жылдың 21 желтоқсаны күні ақырзаман орнайды» деген пәлекетті шығарды болжаушылар. Расымен 2012 жыл адамзат үшін қатерлі болмақ па? Қазір жұмыр басты пенделердің көбісі осы жағдайды көбірек ойлайтын тәрізді.

Жұрттың бұлай үрейленетiн де жөнi бар. Соңғы ширек ғасыр бойында АҚШ түсiрген, адамзаттың басына ақырзаман келген күндi бейнелейтiн кинолар жұрттың ең сүйiп көретiн тамашасына айналды. Жер сiлкiнiсiн, су апатын, жанартау қопарылысын, мұз дәуiрiнiң келуiн, атмосфераның жойылуынан келген апатты, жатпланеталықтардың баса-көктеп келiп, адамзатты қырып-жоюын, тағы басқа көптеген сұмдықтарды тақырып еткен кинофильмдер өтiмдi, қаржыны көп табатын пайда көзi екенiн түсiнген алпауыт компаниялар да аянып қалмауда. Шынайылығы жағынан бiрiнен-бiрi өткен кинолар бiрте-бiрте жұрт санасына шынында жер бетiне зауал таяп келе жатқандай әсер ете бастады. Бұның арты үлкен қоғамдық үрейдiң етек алуына айналып отыр. 2009 жылы АҚШ түсiрген «2012» атты осы тақылеттес қорқынышты фильмнен соң, жұрт расында «ақырзаман таяп қалыпты» деген қауесетке шын сене бастағандай. Бұл киноның жұрт арасындағы дүмпуi басқа кинолар сияқты уақыт өте келе өшкiн тартпастан, қайта, 2012 жылдың жақындауымен күшейе түскенi байқалады.

Осы жағдайға байланысты астрономиялық тiршiлiк ғылымын зерттейтiн АҚШ ғалымы Д.Мориссон маялардың күнтiзбесiн зерттей отырып, бүгiнгi әлемдi қорқыныш құшағына алған «ақырзаман» туралы сандырақтарға жан-жақты талдау жасап, өтiрiктiң өршуiнiң түп себебiне үңiлiптi. Ғалымның жазуынша, «ақырзаман» туралы өтiрiктер сан алуан болғанымен, оларда бiр ортақ ерекшелiк бар. Олардың бәрi дәлелденбеген, тек жорамал күйiндегi белгiлi бiр фактiлердi ала отырып, оларды жұрт санасына орнығып қалған киелi кiтаптарда айтылатын аңыздармен толықтырып, өтiрiктi шындай етiп көрсетуге тырысады. Айталық, маялардың күнтiзбесiн дәлелге тартуда да осы ерекшелiк жатыр. Негізінде, маялардың күнтiзбесiнде бiз бiлетiн басталуы бар, бiрақ, аяқталуы жоқ, тең үздiксiз өсiп отыратын бiр сызықтың бойындағы дәстүрлi күнтiзбеге ұқсамайды. Маялардың күнтiзбесi шеңбердi бойлай айналатын, айналма күнтiзбеге жатады. Онда басталумен бiрге аяқталу бар. Бiр айналма аяқталған кезде жаңа айналма басталып отырады. Бұл күнтiзбенiң бiр айналымы 1872000 күннен немесе шамамен 5125,37 жылдан тұрады екен. Маялар өз күнтiзбесiнiң басталу күнi етiп жыл санауымыздан бұрынғы 3114 жылғы 11-тамызды атаған. Бұл бойынша маялар күнтiзбесiнiң бiрiншi айналма 2012 жылы 21 желтоқсанда аяқталады. Сол күнi күнтiзбе бойынша екiншi айналма басталуға тиiс. Мiне, осы түйiндi «ақырзаман» туралы болжам айтушылар өз ойларына шебер қиыстырған. Олар жұртқа бiр дәуірдің аяқталған күнiн дүниенiң ақырғы күнi етiп көрсетуге тырысады. Жұрттың дiнге ықыласын пайдаланып, «ақырзаман» туралы қорқыныш таратып, көлеңкелі мақсаттарына ұпай жинағысы келедi. Шындығына келгенде, күнтiзбедегi ерекше орны болмаса, ол күннiң басқа күннен көп айырмашылығы жоқ. Ол маялар күнтiзбесi бойынша жаңа айналманың басталғанын ғана бiлдiредi.

 

Соңғы күннің белгілері қандай?

Жұрттың айтып жүрген басқа да қорқыныштары соншалықты дәйекті ме деген оймен интернет беттерін барынша ақтарып шықтым. Орыс тілінде «конец света» деп теріп, іздеуді бассам, осы тақырыпқа қатысты 60 миллион жауап шыға келді. Айтып-айтпай не керек, бұл тақырып қазіргі күні ғаламторды да барынша жаулап алғаны көрініп тұр. Бірақ осындай қауесетті таратып жүргендердің материалдарынан, зерттеулерінен ақиқатқа сәйкес келетін дүние табылмады. Барлығы да ақырзаман туралы ертегілеріне «Майя күнтізбесін», Ванга, Нострадамус секілді әйгілі көріпкелдердің айтқандарын негіз етеді. Жалпы, ақырзаманға себеп болатын отызға жуық құбылыс бар екен (айтып жүргендердің сөздеріне қарағанда). Солардың ішіндегі негізгілері мыналар: 1. Жер бетін топан су басады, 2. Жанартаулардың барлығы оянып, жер шарын күлге орайды. 3. Үш рет қатты жер сiлкiнедi. Бiрiншi – батыста, екiншi – шығыста, үшiншi – араб түбегiнде; 4. Жер астына түсіп кеткен Мәдi шығады; 5. Жердің қорғаныш қабаты жұқарып, Күн ғаламшарымызды күйдіріп жібереді, 6. Жерге бөгде ғаламшар келіп соғылып, соның әсерінен жер бетіндегі барлық тіршілік біткен жойылып кетеді (ерте замандағы динозаврларды еске түсірейік). 7. Бөгдеғаламшарлықтар жерді жаулап алады. 8. Жердiң магнит өрiсi ауысады, соның салдарынан Жер ядросында күштi қопарылыс туып, ғаламшар тұтастай өзгередi-мыс. 9. Тағы бiр болжамға қарағанда, 2012 жылы Күнде үлкен жарылыс болады, соның салдарынан галактикамызда өзгерiс орын алып, Жер күйiп кетедi екен.

 

«Нибиру» қаншалықты қауіпті?

Жоғарыда айтылған болжамдардың біразы ғылыми тұрғыдан алғанда болуы мүмкін құбылыс. Зерттеуге қарағанда күннiң өзгерiс айналымы 11 жылға тура келедi. Бұл өзгерiстер өз кезегiнде Жер бетiне әсер ететiнi шындық (үстiмiздегi жылы Жапонияда болған жер сiлкiнiсiнiң Күн қозғалысымен қатысы бар екенi айтылуда. 1994 жылы желтоқсан айында Жапонияда 6,8 балдық жер сiлкiнiсi орын алғаны белгiлi). Алайда, дәл 2012 жылы күн қозғалысында үлкен өзгерiс бола қоймайды деп отыр зерттеушілер.

Ал енді АҚШ ғалымдары 2012 жылы Күн белсенділігі артып, электронды толқын Жердегі электр қуатын жойып жібереді деген болжамдарын алға тартады. Бәлкім, ақырзаман деп жүргеніміз осы болар. Соңғы жылдары күн бетіндегі жарылыстардың салдарынан туындап отырған магнитті дауылдар күшейіп келеді. Рас болса, 2012 жылы жер ғаламшары осы магнитті дауылдардан зардап шегетін көрінеді. Магнитті дауылдар шабуылы 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Соның салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін. Ата-бабамыздың шаммен де күн көргенін ескерсек, мұны ақырзаман деуге келе қояр ма екен?

Шумерліктер қалдырған дерек бойынша, Юпитер мен Шолпанның аралығында Нибиру деп аталатын тағы бір ғаламшар бар. Ол Күн жүйесінде әрбір 3600 жылдан кейін көрініп отырады. Нибиру Жерге жақындағанда ұлы өзгерістер пайда болып отырған. Ғалымдар 1972 жылдан бастап белгісіз жаңа ғаламшардың бой көрсете бастағанын айтады. «Нью-Йорк Таймс» газеті 1980 жылғы 30 қаңтарда шыққан нөмірінде «Астрономдар жаңа ғаламшардың табылғандығына нық сенімді. Олардың ойынша, оған енді тек ат қою ғана қалды» деп жазған болатын. Қазір кей ғалымдар оның Нибиру екеніне тым сенімді. Астрономдардың есептеуінше, сол ғаламшар 2012 жылдың 21 желтоқсанында жерге жақын жерден өтеді. Нибирудың әсерінен жерде табиғи апаттар орын алуы ғажап емес.

Кейбір оқымысты ғалымдардың сөзіне сенсек, 2012 жылы Күн жүйесінде «ғаламшарлар шеруі» болады. Күн жүйесіне енетін барлық ғаламшар жіпке тізгендей, бір сапқа тұратын тәрізді. Ғарыш әлемi тұрғысынан айтқанда Жер шары мен оның маңайындағы жұлдыздар шоғыры шағын ғана әлем. Бұл әлемдегi өзгерiс үлкен әлемнiң заңдылығынан ары аттап шыға алмайды. Қазiр үлкен әлемде ондай бiр iрi өзгерiс болатыны туралы белгi жоқ. Сондықтан бұл құбылыстан да зиян келеді деп қауіптену ойға сыймайды.

 

Бақыттың айтқаны айнымай келді

Не десек те, 2012 жылы ақырзаман болады екен деген қауесеттің көпшілік арасында шарықтап тұрғаны шындық. Дегенмен бұл дерегі жоқ ойдан құрастырылған қарапайым ертегі секілді болып көрінеді. Себебі бұған дейін көптеген жорамал айтушылар ақырзаман жиырма бірінші ғасыр басталғанда болады десе, кейбірі 2010 жылы адамзат дәуірі аяқталады деп сандырақтаған. Нострадамус пен Ванганың табынушылары «2010 жылдың қараша айында дүниежүзілік соғыс болады, соның арты ақырзаман орнатады» деп елді дүрліктірген еді. Алла бетін аулақ қылсын, болжамдары бола қойған жоқ.

Ақырзаман туралы қалың бұқараға жар салып, оны жарнамалаудың қаншалықты қажеті бар екен? Бұлжұртты үрейлендіру үшін де жасалып отырған қаскөйлік әрекет болып шығуы мүмкін дейді ғалымдар. АҚШ-та өзін адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар деп жариялаған Гарольд Кэмпинг ақырзаман болатын күнді үш мәрте белгілеп, үшеуінде де жаза басты. Есуас уағызшының айтқандарынан қаншама халық жапа шекті десеңізші... Тек биыл ғана ол өзіне сенушілерге екі мәрте заманақыр болады деп «уәде еткен». Ол, тіптен «Заманақыр болғанда жер бетіндегі адамдардың тек 2%-ы ғана жұмаққа барып, қалғандары тозаққа жіберіледі», - дегенді. Алғашқысы 2011 жылдың 21 мамыры күні орын алуы тиіс еді. Бірақ Кэмпинг айта қойды екен деп, Жер-Анамыз тіршілік отын өшірген жоқ. Тоқсан жасар уағызшы онымен қоймай, 21 қазан күні «ақтық күн» деп тағы жар салды. Әлемнің отыздан астам мемлекетінде «Заманақырға дайындал», «Адамзат баласын соңғы күн күтіп тұр» деген сынды жарнамалар орналастырып, өзінің отбасылық радиосы арқылы көпшілікті соңғы күнге сабырмен дайындалуға шақырды. Дүйім жұртты дабыра қылып, ақырзаман сұмдығын жарнамалаған Г.Кэмпингтің айтқандарының бірде-бірі келген жоқ. Есесіне, кезінде оған сеніп келген мыңдаған халық қазір оны көрсе, түтіп жеуге даяр.

Айтпақшы, ресейлік «Битва экстрасенсов» телешоуының ақтық сынына қатысқан қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова американдық уағызшының айтқандарын теріске шығарып, биыл 21 мамыр күні АҚШ-та алапат су тасқыны болады деп жорамалдаған. Қазақ балгерінің мықтылығы осы жерде көрінді, расында келесі күні, 21 мамырда АҚШ-тың оңтүстік штаттарында сұмдық жауын-шашып болып, Торнадо дауылы жүзден астам адамның өмірін қиды. Қазіргі күні американдықтардың басым бөлігі қазақстандық көріпкел не айтады деп, оның аузын бағып отырған көрінеді. Уақыт өте келе Бақыт Ванганың орнын басады деген де сөз бар. Ал Б.Жұматованың болжамына сенсек, 2012 жылы адамзат жатжерліктермен алғаш рет байланысқа шығады. Бұл өз кезегінде жер бетіндегі жаңа дәуірдің қалыптасуына себеп болуы мүмкін.

 

Ақырзамансоңғы сәт емес

Ақырзамандiни ұғымда соңғы кезең. Бiреулер айтып жүргендей соңғы сәт емес. Ақырет күні жайлы Пайғамбарымыз Мұхамед (с.а.с) «Расында Қиямет жұма күні болады…» деген хадисінен Ақырзаманның жұма күні болатындығын ғана білеміз. Бірақ қай жылдың, қай айдың нешінші жұмасы екені тек бір Аллаға аян. Күнтізбеге үңілсек, 2012 жылдың 21 желтоқсаныжұма күнге келеді екен. Майя күнтізбесін дәлел ететіндер осы хадисті де арқаланып жүрген болса керек. Бiз тiлге тиек етiп отырған ақырзаманды, яғни кезеңдi кезектi бiр дәуiр деп бiлсек, айтылар гәпсоның түгесiлетiнiнде. Нақтыласақалмасатынында. Дәуiр мен заман бiр ұғым болғандықтан ақырзаманнан пәлендей секем алудың да жөнi жоқ сияқты. Алайда, бiз ақырзаманды соңғы сәт деп қабылдауға бейiм тұрамыз. Шынтуайтына келгенде, дiни ұғымдағы соңғы сәтқиямет қайым. Ал оның қашан болатыны бiр Аллаға ғана аян. Дегенмен ақырзаманның өзiне тән белгiлерi бар. Құран Кәрiмде айтылғандай бiз ол белгiлерге мән бермей өтемiз. Тiптi оларды ақырзаман белгiсi деп те ұғынбаймыз. Әдетте ол «белгiлер» табиғи жағдай сияқты әсер қалдырады. Сондықтан да оны бiз негiзiнен ғылыми тұрғыда дәлелдеуге тырысып бағамыз. Ол «белгiнқалай ұғынып, қай тұрғыда дәлелдеу әркiмнiң жеке шаруасы десек те кейiнгi кездерi көпшiлiк қауымды алаңдатып жүрген басты мәселе – 2012 жылы болуы мүмкiн табиғи өзгерiс.

Бүгінгі күнге дейін сәуегей-сымақтардың ғаламшарымызға қатысты айтқан белгiлерінің бiрi де орын алған жоқ. Әулие бабамыз Мәшһүр Жүсіп 2013 жылы жер бетінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады деп көріпкелдік жасаған екен. Қашанда жақсылық пен келешекке сенетін халықпыз ғой. Сондықтан 2012 жылдан кейiн де сәулелi ғұмырымыз жалғасатынынан күдер үзбесек керек.

 

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30