ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

Еліміздің бас партиясы мен азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіріп отыр. Осыдан бірер апта бұрын Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП және түрлі қоғамдық бірлестіктер арнайы меморандумға қол қойған болатын. Екі тарап аталған індетке бірлесе қарсы тұру мақсатында қоғамдық қозғалыс құруды шешкен. Бұл бастама аймақтарда жалғасын тапты. Партияның Павлодар облыстық филиалы мен жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты.

Қоғамдық қозғалыс құрудағы басты мақсат – жемқорлықты ауыздықтауға мемлекеттік органдар мен бизнестің және азаматтық қоғам институттарының, еліміздің барша тұрғындарының күшін жұмылдыру. Қазіргі кезде облыс бойынша аталмыш меморандумға 47 қоғамдық бірлестік қосылған. Жақында бірқатар ұйымдармен ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Олардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесі, іскер әйелдер қауымдастығы, кәсіпкерлер және ауыл жастары кеңесі сияқты белгілі ұйымдар бар.

Д.АЙТПАЙҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30