ТӨЛ өнер насихатталды

 

Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығарма-шылығы және ойын-сауық орталығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұлы ғұлама, шығыстанушы, фольклоршы, ойшыл, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы жыршы-термешілер байқауы мәресіне жетті. Дәстүрлі өнерді халық арасында насихаттау, оның қыр-сырын сазды әуен мен көркемсөз арқылы жеткізуге бағытталған мәдени шараның алғашқы екі кезеңі Павлодардан бастау алып, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туған жері – Баянауыл ауданында гала-концертпен жалғасын тапты.

«Көне ғасырдың күмбірі» атауына ие болған аймақтық өнер додасында өңірдің оннан астам жыршысы мен термешілері бақтарын сынады. Аталмыш байқау Ертістің Павлодар өңірінде дәстүрлі түрде, екі жылда бір мәрте өткізіліп тұрады.

Аймақтағы жыршы-термешілердің өнерін бағалап, саралау үшін Алматыдан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, драматург, жыршы Баянғали Әлімжан шақырылды. Қатысушылардың жыршылық және термешілік өнеріне төрелік еткендер қатарында, сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамбет Тұрышев пен ақын-жыршы Қайырбек Бейсембаев болды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін павлодарлық Әсел Ботаева иеленді. Бірінші орынды семейлік жыршы Дүйсенғазы Нығметжан жеңіп алса, екінші орын ақтоғайлық өнерпаз Арайлым Камалитдиноваға бұйырды. Ал баянауылдық Ғабдолла Тәліпов пен Май ауданының намысын қорғаған Сағай Амангелді үшінші орынды өзара бөлісті. Жыр-термелерді орындау мәнерімен ерекшеленген қатысушылар «Арқалы жырау», «Ұшқыр жырау», «Жас термеші» және «Үкілі жырау» аталымдары бойынша марапатталды.

 

А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30