ҚАУІПСІЗ ӨМІР СҮР!

ДүниежүзінжаулапалғанжұқпалыаурулардыңқатарындаЖИТС(жұқтырылған  иммунитеттапшылығыныңсиндромы)жәнеАИТВ(адамныңиммунитеттапшылығының                                     вирусы) инфекциясыбар. Қазіргітаңдакүлліәлемдеаталғанауруларменкүресжұмыстарыжүргізілуде. Ғасыріндетінешалдыққандарғакөмеккөрсетужәнеаурудыңалдыналуғабағытталғаніс-шараларбіздіңелдедежүйелітүрдеқолғаалынуда. РеспубликалықЖИТС-кеқарсыкүресорталығыныңүстіміздегіжылдың1 қарашасындағымәліметтерібойыншамемлекетіміздеАИТВинфекциясынжұқтырған17 457 адамтіркелген. Олардыңішінде14 жасқадейінгі7 балақайтысболған. Жалпы, бүгінгітаңдареспубликабойыншааталғаніндеттіңтаралуыАлматы, Қарағанды, Павлодароблыстарындажиілептұр. Облыста2011 жылдың1 қарашасынадейінАИТВинфекциясынжұқтырған1748 адамтіркеліп, оның186-ыЖИТС-кешалдығып, көзжұмғанекен. Алайда, адамдарарасындааталғаніндетпенкүресшараларытолассызжүргізілседе, аурудыауыздықтауәзіргемүмкінболмайтұр. СолүшіноқырмандарғаЖИТС, АИТВауруларыныңпайдаболусебептеріменалдыналушараларыжөніндетолықмағлұматбергендіжөнкөрдік.

Аурудыңжұғукөздері

Мамандардыңайтуынша, ЖИТС-тіңжұғуынажөнсізжыныстыққатынас, жезөкшелік, т.б. жайларсебепболады. Көбінесе, бұлдерткесексуалдықбелсенділігібасылмағанжастағыерлерменәйелдершалдығады. Ал бала туу мүмкіндігі бар әйелдер ЖИТС-пен ауырса, оның балалары да дертке душар болады. Шамамен осыдан 3-4 жыл бұрын АИТВ жұқтырғандардың  80%-ға жуығы еркектер болса, бүгінде            есірткі қолданушылардың саны күрт өсіп, олар көп жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатындықтан, бұл індетке шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны бірдей болған. Бұл жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін тудырып отыр.

Негізінен, вирус тасымалдаушы - вирус жұққан адам болып табылады. Сондықтан, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтырудың көзі саналады. Вирус жұқтырғандарда ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, олар өзгелердің               өмірі үшін өте қауіпті. Себебі, ЖИТС, АИТВ вирустары көзге көрінбейді, тек қанда, шәуетте, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Ал вирустың жұғу жолдарына тоқталар болсақ, медицина ғылымының дәлелдеуі бойынша, ЖИТС-тің басты жұғу жолдары мынандай:

1. Жыныстық қатынас (вирус жұқтырған серіктеспен мүшеқапсыз жыныстық жанасуда болғанда);

2. Вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде, т.б.жағдайларда);

3. Анасы арқылы нәрестеге жұғу.

Жыныстық жол негізгі жұғу көзі болып табылады. ЖИТС-тің 80%-ы адамдарға осы жолмен, яғни гетеросексуалдық (еркек-әйел) және гомосексуалдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады екен. Сонымен қатар, жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі. Дәрігерлер ЖИТС вирусының қанға бірден түсуі арқылы жұғуына ерекше аландаушылық білдіруде. Себебі, тамырға есірткі заттарын енгізгенде, ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді.

Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын дәрілер құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда, оларға донор қанын құюға тура келеді. Егер, донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары деген сөз. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. АҚШ-та және Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40-63%-на АИТВ инфекциясы қан құю арқылы жұққандығы анықталған. Бірақ, қазіргі уақытта донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатиті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуын тежейді. Соған қарамастан, Қазақстанда             АИТВ-ның 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны белгілі болған.                Ал экономикасы нашар дамыған елдерде  ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де толастамай отыр.

ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы - анасынан нәрестеге берілуі. Ауырған немесе АИТВ жұққан әйелдерден туған балалардың 5/4-не вирус осындай жолмен жұғатыны анықталған. Егер, сәбидің анасы нашақор немесе жезөкше болса, нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артатын көрінеді. Сондай-ақ, вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде және баланы операция жасап алғанда жұғуы мүмкін.

Айта кетерлігі, АИТВ шаңмен, ауа тамшыларымен, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни, ЖИТС вирусы адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ, тағамдар мен ыдыстар арқылы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ. Сонымен қатар, вирустың қан сорғыш және басқа да жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, т.б.) арқылы жұғу жолдары анықталмаған. Мысық, қой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИТВ-ға ұқсас иммундық тапшылық болатынына қарамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.

 Вирустан сақтану жолдары

ЖИТС, АИТВ індетінен сақтану үшін алдымен вирус жұқтырушыларды анықтау қажет. Осы мақсатта көптеген елдерде тұрғындарды жоспарлы түрде зертханалық тексеруден өткізу, әсіресе, гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру, диагностикалық орталықтар мен кабинеттер ашу және сенім телефондарын ұйымдастыру арқылы ЖИТС-пен ауырғандарға кеңес беру сынды жұмыстар қолға алынуда. Мұндай іс-шаралар біздің елде де атқарылып келеді. Айталық, Павлодар облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығындағы «Достық» кабинетінде ЖИТС және жыныстық жолмен берілетін басқа да жұқпалы ауруларға анонимді әрі тегін тексерілуге болады. Аталмыш мекеменің психотерапевт дәрігері Ирина Тотинаның сөзіне қарағанда, мекемеге келген әрбір адамның психологиялық жағдайына байланысты жекелеген жұмыстар жүргізіліп, кеңестер беріледі. Ең бастысы, бұл бағытта халыққа қызмет көрсету шарасы тегін жүргізіледі. Сондықтан, өз өмірі үшін алаңдайтын әр адам осы мекемеге келіп тексеріліп, мүмкіндікті жіберіп алмағаны жөн,- дейді орталық мамандары. Сондай-ақ, аталған аурулардан бойды аулақ ұстау үшін жеке бас профилактикасын сақтай білу керек. Ол үшін мынандай ережелерді есте ұстаған жөн:

1.           Салауатты, әдепті өмір сүру;

2.           Кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық серіктестік көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі);

3.           Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

4.           Терінің шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай  болу;

5.           Мүшеқапты дұрыс пайдалану   (ол ЖИТС-тен қорғайтын құрал);

6.           Қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған дәрі-дәрмектер қабылдағанда олардың АИТВ инфекциясына тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялық номерін жазып алыңыз);

7.           Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

8.           ЖИТС вирусын жұқтырып            алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну;

Кез-келген азамат АИТВ инфекциясының жұққанын немесе одан таза екендігін анықтау үшін өз қаласындағы ЖИТС-ке қарсы күрес орталықтарындағы зертханаларға барып тексерілуіне болады.

ЖИТС – өлімге дейін әкеп соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт болғандықтан, оған ешқашанда немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі, салғырттықтың соңы өміріңізді өксітіп, жақындарыңыздан айыруы мүмкін.

Елімізде ЖИТС-пен күрес жұмыстары қалай жүргізілуде?

Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес           және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық зертханалар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты - ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, әдістемелік  және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады.

Олардың жұмыс істеубағыттары мынандай:

1.           Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққандарын дер кезінде табу;

2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың ары қарай таралуына, яғни басқа адамдарға жұғуының алдын алу.

«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық сақтау министрлігімен қатар, басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады.

Қазақстан Республикасында тұратын, не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.

ЖИТС-пен ауырған, не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштараз, т.б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу - кәсіби ауру болып табылады, сондықтан, біраз жеңілдіктер              жасау жайы қарастырылған. Сондай-ақ,  ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмысының зияндылығы үшін қосымша  ақылы демалыс және негізгі жалақысынан тыс үстемақы алуға құқылы.

Ал өзінің ЖИТС вирусын жұқтырушы екенін біле тұра клиникалық, зертханалық тексерілуден бас тартушы, сау адамдардың жұқтыруына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын немесе оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Түйін:

Құрметтіоқырман! Салауаттыдаәдептіөмірсүріп, арақ-шарап, есірткізаттарынтұтынуданжәнекездейсоқжыныстықжақындасуданаулақболуғатырысыңыз. СондағанаЖИТС, АИТВсындықауіптідерттенаулақболып, бақыттығұмыркешеаласыз. Өзденсаулығыңыздыңөзқолыңыздаекенінешқашанұмытпаңыз.

Әзірлеген: Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30