ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТАРТУ

Екібастұз қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылды

 

Облыс аумағында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай игі шаралар жалғасын табуда. Сәрсенбінің сәтінде Екібастұз қаласында пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік нысандар - осының айғағы. Көмірлі өлке тұрғындарының қуанышына облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев та ортақтасты.

 

Жаңа балабақша

Аймақ басшысы алдымен Екібастұз қаласындағы №3 «Гнездышко» бөбектер бақшасының ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш балабақшаның меңгерушісі Александра Подзорованың айтуынша, мекеме 330 орынға шақталған. Мұнда 16 топ жасақталатын болады. Қазақ және орыс тілдерінде тәрбие беретін балабақшаның сәулеті де көз тартарлық. Ерекше атап өтерлігі, екібастұздық жүз тұрғын осы мекемеден тұрақты жұмыс орнын тапты. Ғимаратта дәрігерлік орталық, спорт, музыка және хореография залдары бар. Нысанды тұрғызу үшін республикалық бюджеттен 640,8 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарымен айналысқан «Строитель-Екібастұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратты белгіленген мерзімде тапсырды.

Нұржамал Есенәлиева алғашқылардың бірі болып кішкентай бүлдіршінін осы балабақшаға жаздырды. «Балаларымыз жаңа ғимаратта тәлім-тәрбие алатын болды. Бұл - ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бой көтерген балабақша бүлдіршіндер үшін құтты орын болмақ. Кішкентай бөбектерге айрықша жағдай жасап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, осынау игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға да барша ата-аналар атынан ризашылығымды білдіремін»,- деді ол.

Бүлдіршіндер мен ата-аналарды, мекеме ұжымын балабақшаның салтанатты ашылуымен құттықтаған Бақытжан Әбдірұлы мұндай келелі бастамалар әлі де жалғасатынын атап өтті.

- Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы жүзеге аса бастаған уақытта облыс бойынша бүлдіршіндердің 51 пайызы ғана балабақшамен қамтамасыз етілген болатын. Аталмыш көрсеткіш жыл соңына дейін 85 пайызға ұлғаяды. Осы ашылған мекемені қоса есептегенде, Екібастұз қаласындағы сәбилердің 93 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілді. Ауылдық елді мекендерде шағын орталықтар ашылды. Жыл соңына дейін Ақсу, Павлодар қалаларында және аудан орталықтарында балабақшалар пайдалануға беріледі. Мұның барлығы - Мемлекет басшысының тұрғындарға жасап жатқан игілігі. Облыс орталығында «Қазақстан алюминийі» АҚ салып жатқан көп қабатты үйдің бірінші қабатында шағын балабақша ашу жоспарланған. Көпшілікке қатысты шаруаға кәсіпорындардың да үн қосуы - қуанарлық жайт»,-деді Б.Сағынтаев.

 

Ардагерлер қатарда

Ардагерлеріміз ыстық ықылас пен ерекше құрметтен кенде емес. Соңғы жылдары ақ жаулықты апалар мен көнекөз аталарымызға арналып біршама игі істер атқарылды. Қалалар мен аудандарда ардагерлердің бас қосып, өзара әңгіме-дүкен құратын ардагерлер үйлері ашылуда. Көмірлі өлкеге жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев екібастұздық қарияларға арналған «Замандас» ардагерлер үйінің ашылу салтанатына қатысты. Алды сексенге аяқ басқан ардагерлер қатардан қалмақ емес. Олар - мемлекеттің қамқорлығында.

Бүгінде Екібастұз қаласында 15 мыңға жуық зейнеткер бар. Ал олардың бір-бірімен етене араласып, емен-жарқын сұхбаттасатын арнайы орынның болмауы талайдан бері айтылып келген мәселе болатын. Қаланың Құрметті азаматы Жеңіс Мейірманның айтуынша, ардагерлер үйі қариялардың бас қосып, келелі әңгіме-кеңес құратын киелі ошағына айналмақ. «Бізге қамқорлық жасап жатқан азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Үйде қол қусырып отырғаннан гөрі өз замандастарымызбен тілдесу - баршамыз үшін қуаныш. Мемлекеттің аялы алақанын сезіну деген осы болады», - дейді Жеңіс апа.

Жас ұрпақты имандылық жолына тәрбиелеуде өнегелі өмірімен, үлгілі ісімен, салмақты сөзімен көзге түсіп жүрген ақсақал Халел қажы Хамметовтың көңілі жай. «Ардагерлер үйі ашылады дегенде балаша қуандық. Өзіміздің әлі де болса, қатарда екенімізді түсіндік. Енді, міне, осы жерде бас қосып, көңіл көтереміз. Шахмат, дойбы ойнап, санамызды сергітеміз. Домбырамызды күмбірлетіп, кітабімізді оқимыз. Бастысы - замандастарымыздың ортасындамыз»,-дейді ақсақал.

Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ата-әжелердің еңбек жолы - таусылмас шежіре. Осылай деп атап өткен аймақ басшысы ардагерлерге жасалатын қамқорлық мұнымен аяқталмайтынын жеткізді. Бақытжан Әбдірұлы облыс орталығында орналасқан «Замандас» ардагерлер үйін мысалға келтірді. «Замандастағы» қариялар өздерінің хор айтатын арнайы топтарын құрды. Бүгінде олар жер-жерді аралап, концерттік бағдарламалар ұсынуда. Шахматтан, дойбыдан үнемі жарыстар ұйымдастырып, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қариялар мен бүлдіршіндерқоғамның басты байлығы. Сондықтан, сіздерге жасалатын қамқорлық ешқашан ортаймайды»,-деді өңір басшысы.

Екібастұз қалалық «Замандас» ардагерлер үйін жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Медведев басқаратын болды. Ата-апалардың құрметіне жергілікті өнерпаздар ән айтып, қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй тартты.

 

Тұрғындар игілігіне

Екібастұздықтардың игілігіне ашылған нысандардың тағы біріәлеуметтік дәріхана. Мұнда «РОМАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фармацевтикалық өнімдері сатылады. Серіктестік Екібастұзда осымен екінші әлеуметтік дәріхананы тұрғындарға ұсынып отыр. Нысанның басты ерекшелігі, мұндағы дәрі-дәрмектер он пайызға жеңілдікпен сатылады. Бұл - сатып алушылар үшін өте тиімді. Сондай-ақ, дәріханада фито-бар жұмыс істейді. Онда түрлі емдік шөптердің қосындыларынан шай дайындалады. Дәріхана қызметкері Роза Бейсекинаның айтуынша, екібастұздықтардың тарапынан қазірдің өзінде түрлі дәрі-дәрмектерге сұраныстар түсіп жатыр. Дәріхананың жұмысымен танысқан аймақ басшысы серіктестіктің тұрғындар үшін жасап жатқан келелі істерін оң бағалады.

Бақытжан Әбдірұлы биіктігі 20 метр тұғырдағы Мемлекеттік Туымыз желбіреген алаңда болды. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу - баршаның азаматтық парызы. Дәл мұндай көк тіреген көк байрақ облыс орталығында да орнатылған болатын. Мемлекеттік Ту қаладағы Мәшһүр Жүсіп пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан. Ту орналасқан тұғырды орнату үшін 7 миллион теңге бөлінген.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде Екібастұз қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Бес қабатты екі үйді салу үшін республикалық бюджеттен 385 миллион теңге қарастырылған. Оның алғашқысы 36 пәтерлі болса, екіншісінде - 74 пәтер. Бүгінде ғимараттардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшысы Бақытжан Әбдірұлы тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, жалпы Екібастұз аймағында атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28 29 30