Бейсенбі күні Павлодар қаласының орталық жағажайында жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті. Жиырма жылдық тарихы бар еркін елдің туы астында шамы жағылған шыршаның биіктігі 20 метрді құрайды. Жаңа жылдық шыршаның салтанатына облыс басшысы Б.Сағынтаев қатысты.
Қыстың бірінші күні облыс орталығы тұрғындары үшін ерекше сәттерге толы болды. Орталық жағажайдың сәнін келтіріп, келбетін асырған шыршаның ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйде қарсы алынды. Қарт Ертістің жағажайы жаңа жылдық нақышта безендіріліп, түрлі-түсті шамдарымен үйлесімін тапты.
Қала халқы ертегілер елінде болғандай әсер алды. Жарқын мейрамды әспеттейтін Аяз ата мен Ақша қар және ертегілік кейіпкерлер мерекелік көңіл-күйді қыздыра түсті. Айта кетерлігі, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шеруге 100-ден аса Аяз ата мен Ақша қар қатысты. Өткен жыл иесі – Қоян мен келер жыл иесі – Ұлу кейіпкерлері де назардан тыс қалмады. Олар шаһар тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі тілектерін жолдады.
А.ЕСІМХАНОВА.

