Біздің Нұрбол – жүлдегер

Сәрсенбі күні ел ордасы Астана қаласында ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) мен «Егемен Қазақстан» газетінің бастамасымен ұйымдастырылған еліміздегі өнеркәсіп тақырыбына жазатын қазақ журналистері арасындағы ІІ республикалық «Алтын қалам» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Осы айтулы байқаудың жеңімпаздары қатарында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің шолушысы, әріптесіміз Нұрбол Жайықбаев та бар. Оның қанжығасында - «Алтын қаламның» екінші дәрежелі жүлдесі.

Айта кетелік, бұл байқау жыл бойы өткізілген еді. Оның негізгі мақсатықазақ журналистикасында кенжелеп қалған экономика және өнеркәсіп тақырыбына қалам тартатын журналистерді ынталандыру. Арнайы құрылған әділ қазылар алқасының құрамына ENRC Қазақстан президентінің бас кеңесшісі Ибрагим Еділбаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, белгілі қаламгерлер Алдан Смайыл және Жарасбай Сүлейменов енді.

- Өндіріс саласының инновациялық қыр-сырына терең бойлап, бүгінгі өркениетті өнеркәсіп жетістіктеріне қалам тартатын қазақ журналистерінің шоғыры аз. Сондықтан ел экономикасының маңызды тақырыптарын жазуда мемлекеттік тілдің беделін арттырып, аясын кеңейту мақсатында екі жылдан бері ENRC компаниясы мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті осындай республикалық байқау өткізуді қолға алды, - деді «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Сауытбек Абдрахманов. Биыл байқауға қатысқан қазақ журналистерінің мақалалары былтырдан үш есе көп болды. Бірінен-бірі асып түсетін мақалалардың үздігін анықтау қазыларға оңайға соқпаған көрінеді.

Аймақтық «Сарыарқа самалы» газетінің республикалық басылымдармен қатар шауып, қалыспай, бәйге алғаныүлкен абырой әрі мақтаныш. Бұл ертеден қалыптасып қалған «солтүстік өңірде қазақтілді журналистика жұтаң, өнеркәсіпті жазу деңгейі төмен» деген сынды қасаң пікірдің көбесін сөгуіне септігін тигізер дейміз. Басылым беделін асырар белді тілшілеріміз болашақта да биіктен көріне береді деп білеміз.

Өз тілшіміз.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31