«МЕН ӨЗ ХАЛҚЫМДЫ СҮЙЕМІН»

    Елімізде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп отырғаны белгілі. Жалпыұлттық акцияның алғашқы таңдауы Абайдың «Қара сөздеріне», М.Әуезовтің «Қилы заман», М.Жұмабаевтың махаббат лирикасына түскені көзі ашық оқырманға белгілі. Ал биыл аталмыш акция Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасына арналып отыр.

     «Оқитын Қазақстан» бағдарламасына сәйкес акция шеңберінде №8 балалар кітапханасында «Мен өз халқымды сүйемін» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Оқырман қауымына арнап  кітапхана ұжымы «Мен қазақпын, жасқанбай айта аламын» атты кітап көрмесін ұсынып, поэма бойынша көркем слайдтар көрсетті.

   Мәдени шараға Мұсылман әйелдері лигасы Павлодар облыстық филиалының мүшелері, №7 шағын ауданының өкілі Д.Жалмағамбетов, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Әлімғазинова, балалармен жұмыс істеу бөлімі директорының орынбасары К.Тухватуллина, әдістеме бөлімінің меңгерушісі Л.Микушина және №36 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары қатысты.

     Әдеби кеш кітапхананың қорындағы Ж.Молдағалиевтің шығармалары бойынша шолуға ұласты.

Сандуғаш ҚҰМАЛАҚОВА,

 №8 балалар кітапханасының кітапханашысы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31