Еліміздегі зейнетақы жүйесі – ең үздік

 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Әрбіріміздің өмірімізде ерекше орын алатын ұлы мерекенің маңызы уақыт санап арта түсуде. Осынау тарихи кезеңде әлемде жаңадан пайда болған жас мемлекетіміз биік белестер мен шыңдарды бағындырып үлгерді. Өміршең бастамалар мен нәтижелі істер еліміздегі зейнетақы жүйесінде де орын алды.

Kүнделікті күйбең тірлікпен жүріп, қарттық шақтың ауылы жақындап қалғанын байқамай қаламыз. Бүгінгі күні кез-келген тұрғын қарттықтың алаңсыз болатынына сенімді деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар. Өйткені, мемлекет зейнеткерлердің қамсыздандыру жүйесін үнемі дамытып, әр қазақстандықты қартайған шағында қаржылық қолдаусыз қалдырмауға барынша күшін салып келеді.

Зейнетақы төлеу қызметімен айналысатын мекемелерді қалыптастыру үдерісі мемлекеттің нарықтық экономика жолында тұрған кездегі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайында өтті. Осы мезетте, ел экономикасында әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға арналған қорлар болмады. Бір сөзбен айтқанда, зейнеткерлердің берешектері өсе бастады. Ал ел азаматтары алаңсыз қарттықта өмір сүруден уақытша үміттерін үзді.

1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып, жинақтаушы қағидаттарына негізделген зейнетақы жинақтаушы жүйені енгізуді жүзеге асыра бастады. Жұмыс істеп жатқан азаматтардың салықтық және басқа аударымдары есебінен зейнеткерлерге зейнетақы төлеуге негізделген қаржы жүйесі республикадағы әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі құрамы болып табылатынын атап өткен жөн. Ал қазіргі кезде еліміздегі зейнетақы жүйесі ТМД мемлекеттері арасында ең үздік деп есептеледі. Қазақстанның оң тәжірибесін көрші елдер белсенді қолдануда.

Қазіргі таңда Қазақстанның зейнетақы жүйесі екі қызмет түрін атқарады. Біріншіден, зейнетақыны уақытында төлеуге мүмкіндік беру арқылы азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру міндеттерін орындайды. Екіншіден, жинақтаушы зейнетақы қорлардың қаражатын ел экономикасына салынған инвестициялардың көзі ретінде қолданып, экономиканың қаржылық әлеуетін арттырады.

ҚР зейнетақы реформасының жүзеге асырылу тарихы 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң негізінде бастау алды. Аталмыш құжатта белгіленген ережелерді іске асыру мақсатында құрылған «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» (ЗТМО) мекемелері ерекше маңызға ие. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында халықты әлеуметтік қолдауда маңызды роль атқаратын аталмыш орталықтар 14 жылдығын атап өтті. Жаңа әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарына ауысу елдің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметінің атқарушы, қаржы-есепке алу және технологиялық бөлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік институты - Мемлекеттік зейнетақы жөніндегі мемлекеттік орталығын құрумен байланысты.

Ертістің Павлодар өңірінде 2006 жылғы шілдеден бастап, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) базасында міндетті зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай есепке алу орталығы құрылды. Онда азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік аударымдарды есепке алу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік тәуекелдер жағдайы бойынша төлемақылар жүргізіледі. Бүгінгі таңда ЗТМО халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында орнықты құрылым болып табылады. Бұл жүйеде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақылар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемақыларды уақытылы төлеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ЗТМО халыққа ӘЖК (әлеуметтік жеке код) берумен айналысады, міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың жинақтаушы зейнетақы қорларына аударумен айналысады.

Үстіміздегі жылы бұл жүйеге заманауи технологиялар енгізілді. Нақтырақ айтқанда, зейнетақы және жәрдемақы алушылардың іс үлгілерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асырыла бастады. Осындай техникалық игіліктің арқасында халыққа қызмет көрсету деңгейі артты.

ЗТМО-дағы халыққа қызмет көрсетудің заманауи әдістері әлеуметтік аударымдардың кез-келген түрін дербес есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталмыш жүйенің мүмкіндіктері әлеуметтік төлемдерімен, еңбек нарығы мен көші-қон-демографиялық үдерістерімен байланысты мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде қойылған міндеттерді табысты шешуге арналған. Сонымен қатар, тиімді менеджмент, техникалық базаны жаңғырту және білікті мамандарды іріктеу ЗТМО зейнетақы реформасының халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әлеуметтік төлемақыларды есепке алу және өміршең етудің бірегей ақпараттық жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Аймақтағы ЗТМО 1998 жылы зейнетақы төлеумен ғана айналысса, қазіргі уақытта халықты базалық зейнетақы төлемдерімен және 36 жәрдемақы түрімен қамтамасыз етуде.

Республикалық ЗТМО деректері бойынша, 1998 жылмен салыстырғанда бір адамға шаққанда орта жылдық әлеуметтік төлемақы сомасы 2010 жылы 16,2 есе өсті және 270 000-нан астам теңгені құрады. 2001 жылы өңірлерде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін төлеушілер және зейнеткерлер туралы үлкен бірегей дерекқор базасы жаңадан құрылды. Нәтижесінде орталықтандырылған дерекқор базасын құру, сондай-ақ, өңірлік бөлімшелерде функционалдық мүмкіндіктер саласын кеңейтуге жағдай туғызды.

Мысалы, зейнетақы қорларына, жұмыс берушілерге және жеке тұлғаларға қандай да бір белгіленген кезеңге салымдардың қозғалысы бойынша айналымдарды беру, сұрау бойынша ӘЖК іздеу, қате жіберілген төлемақыларды қайтару себептерін анықтау бойынша қызмет көрсетеді.

ЗТМО-ның барлық бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау орындарында сапалы және қол жетімді рәсімделген ақпараттық құралдар бар. Олардың негізгі міндеті келушілерге қызықтыратын мәселелер бойынша ЗТМО жұмысы, қызметтің айқындылығы туралы негізгі ақпарат ұсыну болып табылады.

Павлодар облысындағы зейнетақы төлеу жөніндегі орталық жүйесінде қаржы, экономикалық салада еңбек өтілі бар 200-ге жуық білікті маман еңбек етуде. Айта кетерлігі, олардың басым бөлігі орталық құрылған кезден бастап жұмыс атқарады. Тәжірибелі әрі білікті мамандар облыс тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. Үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай ақпараттық-анықтама орталығы жұмыс істеуде. Өңір тұрғындары зейнетақы төлеу орталығына хабарласып, еңбек қатынастары, халықтың зейнетақымен қамтылуы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру сынды мәселелер бойынша қажетті ақпарат пен кеңес ала алады. Ол үшін 1411 қысқа нөміріне кез-келген телефон нөмірінен және ұялы байланыс операторларынан тегін хабарласуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, ЗТМО Павлодар облыстық филиалының 32-24-61 сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

Рысты ҚАНАЕВА,

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Павлодар облыстық филиалының директоры.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31