«ЖАҢАӨЗЕНДЕГI ТӘРТIПСIЗДIКТI АЙЫПТАЙМЫЗ!»

 

дейді керекулік еңбеккерлер

«Біз ұлтымызға, дінімізге, саяси ұстанымымызға қарамастан «Тәуелсіздік» атты ұлы ұғымды қастерлеп, қасиет тұтуымыз қажет. Әрбір қазақстандық үшін ұлы күн - Тәуелсіздік мерекесінің сиқын бұзған бассыздықты ешбір себеп, сылтаулармен ақтауға болмайды. Бұл қарапайым еңбеккерлердің емес, бұзақылардың әрекеті деп білеміз», - дейді Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты арнайы митингке жиналған Павлодарлық металлургтер.

«Қазақстан алюминийi» және «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлiк қоғамдарының ұжымдарында Жаңаөзен қаласында болған тәртіпсіздік оқиғаларға қарсы митинг өткізілді.

Қос кәсіпорынның жұмысшылар ұжымы еліміздің негізгі Заңы – Конституция қағидаттарына қарсы келетін Жаңаөзендегі жағдайда қаза болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарының қайғыларына ортақтасты. Айта кетерлігі, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясына (ENRC) қарасты кәсіпорындар осы оқиғадан зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету қорына 300 млн.теңге бағыттады.

Митинг барысында кәсіпорындардың бір топ қызметкері аталған оқиғаға байланысты ой-пікірлерін ортаға салды. «Қазақстан электролиз зауыты» алюминий электролизі цехының құюшысы Суат Сұлтаниманов ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеп жатқан кезде болған оқиғаны халық алдында кешірілмейтін жағдай деп бағалады. «Мемлекетіміздің қарапайым азаматы ретінде Тәуелсіздік күнін ең қастерлі де ұлы мереке деп есептеймін. Сондықтан, Жаңаөзен қаласының мерекелік көңіл-күйін қашырып, халық тыныштығын бұзған адамдардың осы әрекетіне наразылық білдіремін», - деді ол.

«Қазақстан алюминийi» АҚ біріктіру цехының гидрометаллургы Мадияр Сағиев жас мамандар атынан сөз алып, ойын ортаға салды.

- Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандықтар ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтті. Бұл күнге жетуімізді Елбасымыздың жас мемлекетіміздің бой көтеруі сәтінен-ақ айқын бағыт алып, дұрыс жоспар құрғанның айшықты дәлелі деп білемін. Жаңаөзен қаласында болған жантүршігерлік жағдай баршамыздың жанымызға батты. Мұндай заңсыз әрекеттердің орын алғаны өкінішті, бейбітшілік қалпымыздан айнымайық», - деді ол.

Митинг соңында аталған қос зауыттың ұжымдары Отанымыздың тыныштығын сақтауға, мемлекетіміздің қуаттылығын арттыруға бірлесе күш салуға шақыратын мәлімдеме жасады.

 

* * *

Қасиетті мереке күні болған Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Барша қазақстандықтар сияқты, Кереку өңірінің жұртшылығы да бұл тәртіпсіздікке қатысты үнсіз қала алмады. Энергетиктер шаһарындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жоғарыда аталған оқиғаға байланысты митинг ұйымдастырылды. Шараға кәсіпорынның үш жүзге тарта қызметкерлері жиналып, пікірлерін білдірді.

 

Асылбек САДЫҚОВ,

«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ директоры орынбасарының көмекшісі:

- Төрткүл дүние назары бізге ауып тұрған сәтте мұндай сорақылыққа бару - нағыз бассыздық. Бұл – Тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметсіздіктің белгісі. Жаңаөзендегі оқиғаны алғаш естігенде, сенер-сенбесімді білмедім. Еліміздің басты құндылығы, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерінің кепілі бірлік, татулық емес пе? Әрбір қазақстандық осы асыл қасиеттерді, ынтымағымызды қастерлеуі тиіс. Ал Маңғыстау облысындағы оқиға - өздерінің жеке бастарының қамын күйттеген бұзақылардың әрекеті. Меніңше, оған кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып жүргендей, жергілікті мұнайшылардың, яғни еңбеккерлердің еш қатысы жоқ. Олар арандатушылықтың құрбандарына айналды.

 

Николай СУХОТЕРИН,

Кәсіподақ комитетінің төрағасы:

- Қазақстан әлемге ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде танылды. Болашақта да солай бола бермек. Әрбір қазақстандық өз Отанын шексіз сүйіспеншілікке бөлеп, елдегі татулықты сақтап қалу үшін барын салатындығына сенімдімін. Мән-жайы белгісіз, пиғылы теріс күштер тыныштығымызды бұзуға тырысқан сияқты. Бірақ, ол мүмкін емес. Біз «Қазақстан» атты бір отбасының балаларымыз. Құдайға шүкір, достығымыз берік! Оны бүгінгі шарадан да байқауға болады. Митингке қатысып отырған зауыт қызметкерлерінің әрқайсысы мұнда жүрек қалауларымен жиналды. Себебі олар, еліміздегі болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайды.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30 31