АҚЖАРДА АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСТІ

      Ақжар ауылында ардагерлер дөңгелек үстел басында кеңес өткізді. Ауылдың ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрағасы Қаркен Әбетов атқарылған кішігірім істерге есеп берді. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, өзге де жауапты тұлғалар қатысты. Мәжілісте мәлім болғандай, алда келе жатқан қарттар күніне орай «Қарттарым, аман-сау жүрші» атты айлық жарияланбақ. Жиында ардагерлер қауымы өздерінің ой-пікірлерімен, талап-тілектерімен бөлісті. Мәселен, Қ.Серімов ақсақал зейнет жасындағы ардагерлерді Астананы көруге апарса деген тілегін жеткізді. Ал Е.Жұматаев 1930-35 жылдары туылған зейнеткерлерді тыл ардагерлеріне теңестіріп, сауықтыру орындарына жолдамалар берілуі керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар қарттар аудандық емхана жұмысына көңілдері толмайтындықтарын бүгіп қалмады. Мектеп директоры Т.Әлібекова оқу жылының басында балаларды тексеруге келетін дәрігерлердің жұмыстарын тым асығыс жүргізетінін айтты. Жиында айтылған мәселелер назарға алынатын болды.Кеңес соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріліп, Қ.Әбетов төраға болып қайта сайланды.

М.ҚЫЗЫРҰЛЫ,

Май ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31