ЖАҢА БАЛАБАҚШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс орталығында №32 балабақшаның тұсауы кесіліп, шаһар бүлдіршіндеріне есігін айқара ашты. Салтанатты рәсімге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина және қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отырған мектепке дейінгі мекемеде балғындардың жақсы тәлім-тәрбие алуы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Тіпті, балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы бейне бақылау камерасы да орнатылған екен. Сондықтан да болар, ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қуанышында шек жоқ.
Мерейлі мереке қарсаңында жаңа балабақша табалдырығын аттаған балалар мен ата-аналарды құттықтаған Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина:
- Тұғырлы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай, отандастарымызға үлкен сый-құрмет көрсетілуде. Бүгінгі күні бүлдіршіндер игілігіне беріліп отырған жаңа балабақша соның дәлеліндей. Ендеше, баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Жаңа балабақшаның іші құтты болып, балалар күлкісіне толсын. Тәуелсіздігіміз баянды, болашағымыз жарқын болсын, - деді. Сондай-ақ, ол осы жетістікке Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жетіп отырғанын тілге тиек етті.
Павлодар қалалық мектепке дейінгі білім беру мекемесі секторының меңгерушісі Жанат Асайынованың сөзіне қарағанда, мұнда 4 мемлекеттік, 4 орыс тілінде тәрбие беретін 8 топ ашылған   екен. «Бұл мектепке дейінгі мекеме қаладағы бейне бақылау камерасы орнатылған алғашқы балабақша. Осында тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін шыңдап, ой-өрісін дамытып, салауатты өмір салтын ұстанулары үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Сол себепті де мереке қарсаңында ашылып отырған жаңа балабақшаның балалар үшін берері мол болмақ», - дейді ол.
Ел ертеңі болар балалардың  заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуын қамтамасыз ету - мемлекет ұстанған басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша қабылданған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде сандаған мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердің тұсауы             кесіліп, балаларды қуанышқа бөлеуде. Осындай игі істің нәтижесінде, қазіргі таңда облыстағы 3-6 жас шамасындағы балалардың 90 пайызы балабақшамен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ, 5-6 жастағы балалар 100 пайыз мектепалды оқумен қамтылған. Ал қалалық білім беру бөлімі ұсынған ақпарат бойынша үстіміздегі жылы шаһардағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 74 пайызды құраған. Жалпы, осы күні Павлодар қаласына қарасты мемлекеттік балабақшаларда - 14 682, мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда – 1 168, ал 5 жеке меншік мектепке дейінгі мекемеде - 325 бала тәрбиеленуде. Айта кетерлігі, жыл басынан бері мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаладағы 4 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, облыс орталығындағы үш бірдей жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырыс бойынша 135 балаға арналған қосымша топтар ашылған. Облыстық білім беру басқармасы мамандары аймақта, әсіресе Павлодар қаласында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы өз деңгейінде жүзеге асып жатқанын алға тартады. Балалар үшін атқарылып отырған бұл игі іске ата-аналар қауымы да дән риза.

 Нұржайна ШОДЫР.

Гауһар РЫСПАЕВА, ата-ана:
- Мереке қарсаңында тұсауы кесілген жаңа балабақшаға баламды  әкеп отырмын. Өте қуаныштымын. Бір кездері жабылып қалған балабақшалар қазір қайтадан ашылып, ата-аналар мен бүлдіршіндерді қуантуда. Ең бастысы, енді балаларымыз бұрынғыдай үйде қарап отырмай, бақшаға келіп, ел қатарлы тәлім-тәрбие алуда. Сайып келгенде, мұның бәрі – Тәуелсіздіктің жемісі деп ойлаймын. Осындай жақсы істердің жаршысы болған Тәуелсіздігіміз жасасын! Еліміз аман, іргеміз тыныш болсын деп тілеймін.

Любовь ЖАМАЕВА:
- Мен үшін бүгінгі күн ерекше есте қаларлық сәттерге толы болды. Себебі, немеремді  жаңа балабақшаға ертіп келіп отырмын. Көркі көз тартарлықтай әдемі, іші жылы әрі кең мекемеде баласының тәрбиеленіп жатқанын көрген әрбір ата-ана бақытты деп ойлаймын.
Біз екі жыл бойы балабақша кезегінде тұрдық, осы қуанышты күнді ұзақ күттік. Міне, бүгінде арманымыз орындалып, немеремнің балабақшаға барғанының куәсі болдым, ризамын.  Ел игілігі үшін атқарылар жемісті істер көп болғай!
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31