«КҮЛЕ КІРІП, КҮҢІРЕНЕ ШЫҚҚАННАН» САҚТАСЫН!

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің «Оқшау ой» айдарындағы Жарқынбек Амантайұлының «Несиенің қадірін, төлер кезде білерсің» деген ой-пікіріне өз ойымды қоса кеткім келеді. Расында, қазақ той жасамаса, қазақ бола ма?! Арқа-жарқа тойды өткізіп, қаладағы, даладағы ағайынды жинап, бір жасап қалады. Әрине, той өткізгенге не жетсін?! Бірақ, оны жасауға әркімнің жағдайы келе бермейді. Сөйтіп, қаржы болмағандықтан, жұртшылық несие алуға бел буады. Себебі, теледидар мен ақпарат құралдарында несие алудың оңай екенін, «көп уақытыңыз кетпейді, келіңіз» деп, бума-бума ақшаларды көрсетіп, жарнамалап жатады. Алмақтың да салмағы бар, сол несиені қалай өтеймін деп парықтап  ойланып алу керек сияқты. Өйткені, оның артында мол қасірет жатады. Ж.Баласағұн айтқандай, «Кіреріңде шығар жолыңды байқап ал, шыға алмасаң қиын болар қайтадан». Несие алушының әжептәуір табыс көзі болуы керек. Егер отбасында кіріс шамалы ғана болса, реніш пен ұрыс-керіс басталып, ақыры ажырасуға ұласып жататынын көреміз. Несиені аларда оған кепілдікке баспанасын салып, енді одан айырылу қаупі туады.
Баяғыда үлкендеріміз «күле кіріп, күңірене шыққаннан» сақтасын! деуші еді. Ол заманда банк деген болмаған ғой. Бұл мәтел ниеті жаман адамдарға байланысты айтылса керек. Сол кезде де қарыз алу мен несие болған. Алайда, ел болып, жұрт болып қарызды амалдап өтеген. Сол секілді, жағдайы келмейтіндерге обал мен сауапты да ескерген. Ал қазір нарық заманы, обалға қарамайды. Өтелмеген қарыз, несие үшін қыстың көзі қырауда да бала-шағасымен қосып, далаға шығарып жіберіп, үйіңді, мүлкіңді банк меншігіне өткізеді. «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген осы. Сондықтан, несиені аларда ақылмен парықтап, парасаттап ойлану керек. Өйткені, несие де бабаларымыз айтқандай, «күле кіріп, күңірене шығады» екен.


Мәкен БІРЖАН, зейнеткер.
Павлодар қаласы.


 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31