«ЖАСЫЛ ЕЛ» САРБАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    Қаныш Сәтбаев ескерткішінің жанында “Жасыл ел» республикалық бағдарламасы аясындағы үшінші еңбек семестрінің жабылу салтанаты өтті.

    Қала әкімінің орынбасары Ержан Рахымжанов қаланы көріктендіру жұмыстарына белсенді қатысқан жастарға ризашылықпен оқу барысында зор жетістіктер мен сәттілік тіледі. Бұдан кейін жасылелшілерге грамоталар мен кітаптар табыс етті. Қаланы көркейту жұмыстарына студенттермен бірге атсалысқан «Жасыл ел» жасақтарының жетекшілері Әсия Еселбаева мен Наталья Колесникова, Қалқа Файзуллина, «Коммунальщик-Ақсу» ЖШС-нің бастығы Мұрат Молдакәрімов алғыс хаттармен марапатталды.  Өз еңбектерімен қаланың тыныс-тіршілігіне етене араласқан сарбаздарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Қаршыға Арынов, «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу филиалы өкілі Сайлаугүл Жақыпова ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ «Жасыл ел» сарбаздары «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу филиалының алғыс хаттарына ие болды.

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31