ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУДАН ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ

Павлодарда өзара бақ сынайды

 

Айтып келмейтін апатты жағдайларға, төтенше оқиғаларға, түрлі қиыншылықтар мен қауіп-қатерлерге тап болған адамдарға шұғыл көмек көрсететін кәсіп иелерінің жұмысы қашанда күрделі әрі аса жауапты саналады. Сондықтан да осы тектес жауапты міндет жолында жүріп, төтенше жағдайлардың алдын алатын, күрес жүргізетін, одан болатын зардаптарды жоюға тікелей араласатын қызметкерлерге артылған жүктің салмағы өте ауыр.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан     Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өз қызметін барынша ширатып, мейлінше қуатты етіп, мүмкін болатын төтенше оқиғаларға төтеп бере алатындай лайықты деңгейге иек арта түсті. Қазіргі уақытта құрылым сан салалы бағыттар бойынша өрбитін қызметтерді ойдағыдай үйлестіріп келеді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жанындағы маңызды құрылымның бірі – судан құтқару қызметі. Біздің облыста бұл құрылым 1996 жылдың қарашасында өміршең етіліп, бастапқыда 55 адам құтқару жұмыстарына жұмылдырылған екен. Судан құтқару қызметі құрылғаннан бастап оны Владимир Власов ойдағыдай басқарып отыр. Бұл да болса, басшының өз қызметіне, артылған міндеттерге жауапкершілікпен қарайтынын аңғартса керек.

Бастапқы бетте облыстық әкімдіктің қарауындағы судан құтқару қызметі кейін, яғни 2009 жылдан бері коммуналдық меншіктен алынып, республикалық маңыздағы құрылым ретінде белгіленді. Осылайша, судан құтқару қызметі төтенше жағдайлар жөніндегі органның қарауына ауыстырылды.

Судан құтқару қызметінің аға әдіскері Әлия Әуезбаева алға тартқан деректерге ден қосйсақ, бүгінде құрылымда 94 адам қызмет етеді. Жалпы саны он бес құрылымдық бөлімше жұмыс істейді. Құрылымдық бөлімшелердің барлығы да қазіргі заманның озық құрал-жабдықтарымен, қондырғыларымен қамтылған. Шағын көлемді флоттардың саны 24 бірлікті құраса, ауқымы ірі  1 теплоход және 2 катер құтқару жұмыстарына қолданылады. Құтқару қызметінің отрядында    62 адам және сүңгуір біліктілігіне ие 24 адам бар. «Осы көрсеткіштердің барлығы да суда туындауы мүмкін түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға көмек көрсетуде біздің қызметтің мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», - дейді құтқару қызметінің мамандары.

- Қолымыздаға мәліметтерге сүйенсек, біздің облыста 2008 жылы 53, 2009 жылы 29 адам суға батып, көз жұмды. Ал биылғы жылдың жеті айында 20 адам суға кетті. Өкінішке қарай, биыл 5 бала суға батып, мерт болды. Олар – 12-14 жастағы жеткіншектер. Басты себеп – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз жіберуі. Сонымен қатар суға батып кеткен тұлғалардың басым бөлігін ішімдіктің салдарынан жазым болғандар құрайды. Айта кету керек, арнайы жағажайларда суға кету оқиғалары тіркелген жоқ. Қайғылы оқиғалардың бәрі де рұқсат етілмеген, шомылуға тыйым салынған су қоймаларында орын алып отыр, - деп атап көрсетті біздің басылымға судан құтқару қызметінің байланыс инженері Елена Сергеевна.

Құрылған уақыттан бергі он төрт жыл ішінде облыста жалпы саны 3800 адам құтқарылып, 700-ден астам адамға медициналық жәрдем көрсетілген. Апаттық-құтқару жұмыстары барысында су астынан әр түрлі 75 техника жағаға шығарылған екен. Жағажайларды тазалау кезінде сексен тонна қоқыс шығарылыпты. Осының бәрі ыждаһатты жұмысты, асқан жауапкершілікті қажет етеді.

Судан құтқару қызметінің құрылымдары үнемі дайындық, әзірлік шараларын назардан тыс қалдырмайды. Тәжірибені арттыру бойынша да қолға алынатын жұмыстар толастаған емес. Оған дәлел – мезгіл сайын ұйымдастырылатын командалық оқу-әдістемелік жиындар.

Қазақстанда  судан құтқару көпсайысына арналған республикалық жарыстар 2003 жылы Ақтауда, 2004 жылы Астанада өткізілген болатын. Биылғы жылы республикалық маңыздағы жарысты өткізу құқығы Павлодар қаласына беріліп отыр.

Үстіміздегі жылдың 17-20 тамызы аралығында Павлодар қаласында ҚР Төтенше жағдай министрлігінің кәсіби апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылмақшы. Суда орын алатын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған және «Нептун-2010» деп аталатын әрі Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне қарасты судан құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі базасында өтетін бұл шараға республиканың барлық өңірлерінен кәсіби құтқарушылар қатысады.

Маңызы зор бұл шарада Қазақстандағы судан құтқару қызметі тақырыбын арқау ететін конференцияда ұйымдастырылады. Судан құтқару қызметі басшылары тәжірибелік тұрғыда тестілеуден өткізіледі.

Алда тұрған судан құтқару көпсайысы бойынша «Нептун-2010» республикалық жарысында Павлодар облысы командасын 3 сыныпты сүңгуір, спорттық көпсайыстың бірнеше мәрте қатысушысы Игорь Паршуков бастап шығады. Команда құрамына кәсіби әрі тәжірибелі құтқарушылар енген. Бұл команда деңгейі жоғары жарыстарға 1997 жылдан бері бірнеше рет қатысқан. 2 мәрте алтын және 1 мәрте қола медальдерді жеңіп алған.

Қандай қиын сәттерде болмасын, адам өміріне араша тұратын құтқарушылардың еңбегін жоғары бағалауға тиіспіз. Біздің жерлестерімізге алдағы сын сағатынан сүрінбей өтіп, жеңіске жетуді тілейік!

Асыл ӘБІШЕВ.  

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31