СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Ертіс өзенінен аудан орталығы Ертіс ауылына берілетін ауыз су қоймасының бірінші көтерілімінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақында құрамында аудандық мәслихат депутаттары бар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Жұмажанов бастаған партиялық бақылау комиссиясы аталмыш нысанда болып, ондағы жұмыс сапасымен танысты.

Өткен айдың басында қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 30 миллион теңге қарастырылды. Мердігер компания, павлодарлық «Строй Град» ЖШС басшыларының айтуына қарағанда, бүгінгі күні бөлінген қаржының жартысынан астамы игерілген. Бір атап өтерлігі, аталмыш нысанға жергілікті жұмыспен қамту бөлімінен жіберілген 21 адам еңбек етуде. Жөндеу жұмысы ағымдағы айдың аяқ шеніне дейін жалғасады деп күтілуде.

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері су қоймасын жөндеу жұмыстарына оң бағасын берді.

Қ.ЖАРАСОВА,

Ертіс ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31