«ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН БЕСІК!»

 

Сәрсенбі күні облыс орталығындағы «Астана» мұз сарайында «Тәуелсіздікалтын бесікдеген атпен жаңа жылдық Президент шыршасы өтті. Оған аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Жыл сайын желтоқсан айының соңында ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 150 бала шақырылды. Айта кетерлігі, олардың қатарында оқу озаттары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Жасыл шырша мерекесіне жиналған балғындарды алдымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнетаспа арқылы құттықтады. «Құрметті балалар! Жаңа жыл сендерге қуаныш сыйласын! Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Сондықтан, осы жыл - баршамыз үшін айрықша жыл болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің ұлы Отанымыз жылдан-жылға гүлденіп, дамып келеді. Қазір дүниежүзі Қазақ елін құрметтейді. Сендер - осындай ерекше елде өсіп жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білекті болыңдар. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Елдегі жасампаз істердің бәрі сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр», - деді Елбасы. Мерекеге қатысқан балаларға Президенттің атынан сырт киімдер, оқу құралдары мен басқа да сыйлықтар табыс етілді. Бұдан соң облыс әкімі Бақытжан Әбдірұлы сөз алып, павлодарлық бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтады.

Мерекелік кеш барысында түрлі кейіпкерлердің қатысуымен ертегілер әлемінен сыр шертетін театрландырылған қойылым ұсынылды, әсем әндер шырқалып, әр ұлттың биі биленді.

Жүздері бал-бұл жанған балалар қуанышында шек болмады. Мереке соңында балғындарға арналып жаңа жылдық дастарқан ұйымдастырылды.

Атап өтерлігі, бұл күні Президент шыршасы еліміздің барлық өңірінде өтті. Жаңа жылдық кешке республика бойынша 2400 бала қатысып, қуанышқа бөленді.

Н.ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31