2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлердің зейнетақысы 9 пайызға өсетін болады. Бұл туралы Үкімет қаулысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойды.
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, ең төменгі зейнетақы көлемін 17 491 теңге, базалық төлемақыны 8 720 теңге мөлшерінде белгілеу қарастырылуда. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 26 211 теңгені құрайды деп күтілуде. Ал әлеуметтік арнаулы жәрдемақылар келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі. Жалпы, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы, бала күтімі, сондай-ақ, басқа да себептерге байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері әр жылға белгіленген күнкөріс шегіне сәйкес анықталатын болады.
Н.АҚЫТЕГІ.
font size=

