АЙБЫНЫМЫЗДЫ АСЫРҒАН АҚ АЗИАДА

 

 

Өңіріміздегі спорт саласы толайым табыстармен, ауыз толтырарлық жетістіктермен ерекшеленеді. Бұл ретте, ұл-қыздарымыз байрақты бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп, өңір намысын биікке көтеруде. Соңғы жылдары талапты спортшыларымыздың жаттығу жұмыстарымен тыңғылықты шұғылдануына айрықша көңіл бөлінуде. Заманауи спорт кешендері бой көтеріп, аула клубтарының қатары көбеюде. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын дамыту мақсатында игі істер жалғасын табуда.

Спорт – мемлекеттің әлемдік аренадағы әлеуетін паш ететін сала. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спорт саласын, салауатты өмір салтын дамытуға айрықша мән беруде. 2020 жылға таман спортпен тұрақты түрде шұғылданатын қазақстандықтар саны 30 пайызға жетуі тиіс. Бұл - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жүктеген нақты міндеті.

Облыс орталығындағы «Астана» мұз сарайы, былтыр ашылған «Энергетик» теннис орталығы, жуырда ғана пайдалануға берілген заманауи бокс орталығы өңірдің спорттық әлеуетін арттыруда. Көркем гимнастикаға арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Жасанды жабынмен қапталған футбол, волейбол, теннис алаңдары көптеп салынды.

Өткен жыл еліміз үшін елеулі спорттық оқиғалармен есте қалды. Бұл ретте, Алаштың айбынын асырған 7-ші қысқы Азиада ойындары аузымызға бірінші болып оралады. Ақ Азиадада жалпы есепте бірінші орынды еншіледік. Ерболат Байбатыров самбодан төрт дүркін Әлем чемпионы атанды. Ауыр атлет Илья Ильин әлемнің үш дүркін үздігі атағына ие болды. Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік те төрткүл дүниенің назарын өзіне аударды. Санамалайтын болсақ, мұндай жетістіктер өте көп. 2011 жыл өңір спортшылары үшін де табысты болды. Футболшыларымыз ел біріншілігінде үздік бестіктен орын алды. Тоғызқұмалақшыларымыз республикадағы белді ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ернұр Қабатаев жасөспірімдер арасында еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Келесі жылы өтетін Лондон олимпиадасына қатысу жолдамасын қазақстандық спортшылар арасынан бірінші орыннан жерлесіміз Вячеслав Подлесный (мылтық ату) көрінді.

Ұлу жылы спортшыларымыз үшін ұлы жеңістердің кезеңі болғай.

 

Амангелді АЙМАҒАМБЕТОВ,

еркін күрестен КСРО спорт шебері, спорт ардагері.

 

 

/font#000000/fontfont face=#000000/spanfont size=

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31