ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

 

Санаулы сағаттардан соң, Жаңа жылды қарсы аламыз. Биылғы жыл баршамызға ерекше жыл болды. Біз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтіп, айтулы мерейтойды толайым табыстармен қарсы алдық.

Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының, ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында әлемдік қауымдастықта жоғары беделге ие, табысты, қарқынды дамуға бет алған мемлекет құрылды.

Жүріп өткен белестерге көз тастай отырып, біз Отанымызды гүлдендірудің ең ұтымды жолы жасампаз еңбек, тұрақтылық, өзімізге және болашағымызға деген нық сенім екенін ұғындық.

Осы жылдар аралығында қол жеткізген жетістіктеріміз алдағы жаңа жеңістеріміздің бастауы болсын! Ал жаңа жыл елімізге молшылық, әрбір отбасына береке-бірлік әкелсін.

Біз ескі жылды ризашылықпен шығарып салып, 2012 жылға үлкен үмітпен қараймыз. Әрқайсымыз келер жылдан игі жақсылықтар күтеміз. Ең бастысы, өміріміздің жаңа парағын ашуға батылдықпен қадам басамыз. Өйткені, біз іргесі берік, бірлігі бекем елде тұрамыз.

Сіздерді, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға табыс тілеймін. Туған-туыстарыңыздың дендері сау болып, балаларыңыз бен немерелеріңіз тек қана шаттық, қуаныш сыйласын.

Жаңа жыл игі бастамалардың, жаңа жетістіктер мен жаңа армандардың тоғысқан кезеңі болсын!

 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ,

Павлодар облысының әкімі.

соң

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31