БІР ШАҢЫРАҚТАН - ТӨРТ ДӘРІГЕР

 

 

Дінислам Күзембайұлы Нұрмағамбетов Ұлы Отан соғысының ең бір қиын-қыстау кезеңінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Бүгінде отағасының өмірлік серігі Күләтай Зәкірқызы да сол бір қырғын жылдары (1945 жылы) аталмыш өңірдің Зайсан ауданында дүние есігін ашқан. Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған олар Семейдегі мемлекеттік медицина институтына жүрек қалауларымен оқуға түседі. Ол кезеңде медицина институтындағы білім беру қазақша болмаған. Сол себепті, орыс тілін жете игермеген қос жасқа жақсы оқып кету оңайға түспеді. Зор құлшыныстың арқасында жастар бұл қиындықты еңсеріп әкетті. Ұстаздарының «Жас дәрігер ауырмауы керек. Дені сау, ар-ожданы таза маман ғана науқасты емдей алады», деген ақылдары оларды биік мақсаттарға жетеледі.

- Сырқатына байланысты операция жасатқан кейбір студенттердің өзі ауруханада жатып, босатқан сабақтарын бастан-аяқ қайталап, емтихандарын да ешбір жеңілдіксіз, көппен бірге тапсыратын, - деп еске алады студенттік шақты Күләтай Зәкірқызы.

Адам өмірінде қайталанбайтын студенттік махаббат қызық мол жылдарда бірін-бірі ұнатып, өмірлік серік болуға уағдаласқан олардың үйлену тойы Дінисламның туған ауылыКраснокутскіде (Ақтоғайда) ерекше сән-салтанатпен өтеді. Бұл – 1970 жылдың шілде айы болатын.

Оқуды аяқтаған соң, арнайы берілген жолдамамен екеуі Шымкентке келеді. Қаладағы әскери-құрылыс батальонына Дінислам Күзембайұлы бас дәрігер болып орналасады да, Күләтай Зәкірқызы осы шаһардағы №6 цемент зауыты ауруханасына терапевт-дәрігер ретінде жұмысқа қабылданады. Әуелгі жасалған келісімшарт бойынша олар екі жыл еңбек етіп, кейін Шымкенттен Павлодар облысының Ақтоғай ауылына қайтып оралады. Бұл уақыт – 1972 жылдың күз мезгілі болса керек. Шымкентте дүниеге келген тұңғыштары Бауыржанды жетелеп елге оралған Дінислам мен Күләтайды ата-ана да, аудандық аурухананың бас дәрігері Мағауия Баймұхамбетұлы Мәрденов те қуана қарсы алады. Дінислам Күзембайұлы - орталық ауруханаға рентгенолог-дәрігер, ал Күләтай Зәкірқызы - көз ауруларын емдейтін маманы қызметіне орналасады.

1972 жылдан бері рентгенолог қызметін мінсіз атқара жүріп, Д.Нұрмағамбетов мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры аудандық филиалының директоры, орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары секілді аса күрделі міндеттерді де жауапкершілігіне алады.

Олсөйлер сөзге аса сараң, өзін өзгеден ерек етіп көрсетпейтін сабырлы, ерекше кішіпейіл, келбетінен шаршап-шалдығу әсте сезілмейтін, жанарынан мейірім мен қуаныш қана аңғарылатын жан.

Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін рентгенолог Дінислам Күзембайұлының жіті қарауынан өтеді. Рентген сәулесімен көзді ашып-жұмғанша түсірілген флюоро-фотоларды мұқият қарап, нақты диагноз қоюда ол еш қателеспеген. Осы салада 36 жыл үзіліссіз қызмет атқарған ол 2006 жылы зейнеткерлікке шығады. Бірақ, аудан орталығындағы ауруханада рентгенолог-дәрігердің жоқтығынан аурухана басшылығы Дінисламды өзінің кәсіби қызметіне қайта шақырады. Сөйтіп, ол үйреншікті жұмысына қайта оралады. Содан бері де бес-алты жыл өтті.

Жыл сайын Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеу үшін шақырылған жастардың денсаулықтарын қадағалау ең алдымен флюорографиядан өтуден басталады. Бұл тұста, тағы да Дінисламның қызметі ерекше маңызды. Ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткені үшін «Қазақстан әскері әскери-медицина қызметінің майоры» атағын иеленген. Аудан, облыс әкімдігі мен медицина басшылығы тарапынан алған марапаттары да баршылық. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 10 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған.

Дінисламның өмірлік серігі әрі ақылшысы Күләтай Зәкірқызының зейнеткерлікке шыққанға дейінгі еңбек өтілі 34 жылды құрайды. Осы бір күрделі, беймаза жылдар аралығында Күләтай Зәкірқызы анаға, дәрігерге тән асыл қасиеттерді бойына қалыптастыра білді. Ол бір ғана Ақтоғай ауданының орталық ауруханасында 32 жыл үзіліссіз көз дәрігері ретінде табысты еңбек ете жүріп, мемлекет тарапынан еңбекақы қарастырылмаған (кеңестік кезеңде) қоғамдық жұмыстарды да ерекше құлшыныспен атқарған. Қазақстан денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасына» ие болған оған 1989 жылы «КСРО денсаулық сақтау ісінің озаты» атағы беріледі.

Бүгінде 66 жасқа толып отырған Күләтай Зәкірқызы жолдасымен бірге екі ұл бала өсіріп, тәрбиеледі. Бауыржан, Нұржан есімді ұлдары ата-ана жолын қуып, дәрігерлік мамандықты таңдады. Бауыржан Семей мемлекеттік медицина институтын анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша, ал Нұржан (марқұм) фтизиатр мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі таңда Бауыржан аудандық туберкулез ауруларына қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері қызметін атқарады. Өкінішке қарай, Нұржан отыз жасында көлік апатынан қаза табады. Артына ұрпақ та қалдырып үлгермеген Нұржанның қазасы Нұрмағамбетовтер әулетіне орны толмас өкініш әкелді.

Бүгінде жасы 70-ке таяп қалса да, дәрігерлік қызметтен қол үзбей келе жатқан Дінислам Күзембайұлы мен бес уақыт намазын қаза етпей, дін жолын берік ұстанған Күләтай қажы Зәкірқызы – бақыттарын еңбектен тапқан, отбасында көпке өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген, шынайы, аяулы, асыл жандар.

 

Еркін МҰНДУИНОВ,

Ақтоғай ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31