ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ

 

 

 

Қазақ халқында «Жылдың жаманы жоқ» деген қанатты сөз бар. Менің ойымша, тұрақтылық пен келісімде, бейбітшілік пен бірлікте өткен әрбір жыл қазақстандықтар үшін бақытты болып саналуы тиіс.

Шығарып салғалы отырған Қоян жылы, бірінші кезекте, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтумен ерекшеленді. 2011 жыл - ынтымағы ырысына жарасқан, татулығы тірлігіне жалғасқан өңіріміздегі жүзі басқа, тілегі бір жұртшылық үшін мән-мағынасы жағынан айрықша кезең болды. Бүгінде 130-дан астам ұлтты ұйыстырып отырған елімізде Елбасымыз Ұлыстың Ұлы күні деп атап өткендей, Тәуелсіздік мерекесінің мерейі үстем болды.

Бұл жыл достық пен бейбітшіліктің, татулық пен тұтастықтың тұғырын биік ұстайтын Ертістің Павлодар өңіріндегі Достық үйінің қанатының астына жайғасқан этно-мәдени бірлестіктердің шығармашылық шабыттарына қанат бітірді. Ортақ қазынамыз, байлығымыз - Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аймағымыздағы 19 этно-мәдени бірлестік өкілдерінің жыры мен әнінің өзегіне айналды. Тәуелсіздіктің торқалы мерейтойы аймағымызда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің ана тілін, тарихын, мәдениетін оқып-үйренуге және өз салт-дәстүрлерін насихаттау жолындағы жұмыстарына мол серпіліс әкелді.

Облыстағы барша жұртшылықтың достық пен бауырластық үндестігін әспеттеген этноаллеяның ашылуын – Қоян жылының басты жетістігі деп білемін. Павлодар облысында тұратын әр ұлттың рухани мәдениетін, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрыптарын бейнелейтін элементтер аллея бойынан көрікті үйлесім тапқан. Мәселен, грек және армян сәулет өнерінің элементтері, болгарлардың ұлттық белгісі - раушан гүлдер, славян халықтарының матрешкалары және тағы басқалар... Олардың барлығы қазақтың киелі киіз үйі айналасына топтасқан. Қала сәулетіне көрік қосқан ұлттық нақыштағы бұл мүсіндер өңір халықтарының достығы мен бауырластығының рухани үндестігі іспеттес.

Төбемізді көкке жеткізіп, бөркімізді ататындай орын алған тағы бір жағымды жаңалығымыз – «Біз тұратын үй» деген кітаптың жарық көруі. Бұл кітапта облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің құрылуы, еліміздің дамуы жолында олардың атқарған игі істері туралы мол мағлұмат қамтылған.

Келе жатқан Ұлу жылы бейбітшілік бесігінде тербелген халқымыздың бақуатты байлығы еселене берсін!

 

Сейсембай ЖЕТПІСБАЕВ,

Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының меңгерушісі.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31