ҚАЗАҚШАМЫЗ ҚАЛАЙ?

Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтерілді. Туған тілімізге де барынша құрмет көрсетілуде. Соның бір айғағы – қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі. Өкінішке қарай, арада жиырма жыл өтсе де тілдің дамуына салғырт қарап жүрміз. Алдымен өзіміз, қазақтар тарапына жанашырлық жетпеуде. Олай демеске лаж жоқ.

Баспасөз бен теледидарда адамдардың дүниеге келуіне байланысты «Пәленше Пәленшекең осындай күнде туылды» деп көрсетіледі. Сонда сол сәтте оны кім және қалай тудырды екен? Алдымен, бір Алланың нығыметімен, екіншіден, тоғыз ай анасының құрсағында дамып, айы-күні толғанда жаратылыс заңдылығымен дүние есігін ашады, яғни, туады. Баланы тудыру деген ұғымға, мүмкін дәрігердің көмегімен жатырды тіліп нәрестені дүниеге әкелу жататын шығар. Мұндай жағдайлар жиі орын алмайды да. Сондықтан, туылды дегеннен гөрі, туды деген ұғым дұрыс деп ойлаймын.

Қызмет бабымен Семей қаласына жиі барып тұрамын. Жол жөнекей Лебяжье ауданының жанынан өткенде көзім «Лебяжье» - «Аққу» деген тақтаға еріксіз көзім түседі. Қазақтар көп шоғырланған, тілдің қадірін мейлінше жақсы білетін елді мекенде сол Лебяжье сөзін қалайша дұрыс аудармағанына қайран қаламын. Егерде, қазақша атауының баламасына орыс мәтіні алынған болса, Лебяжье деген ұғым «Аққулы» дегенді меңзейді. Яғни, аудан аты «Аққулы» болуы керек.

Қазақ атауларының дұрыс қолданбауына соны тәртіпке шақыратын жауапты мекемелердің үлесі басым. Кейбір кәсіпкерлер дәмханалар мен мейрамханалардың, моншаның алдына «кафесі», «моншасы» іспетті немесе басқа да жалғаулары бар сөз тіркестерін жазып, Тіл туралы Заңды жасанды түрде орындап жатқандығын көрсетуге әлек. Менің ойымша, мұны да бір ретке келтірген жөн болар еді.

Сағит ИМАНҒАЗИНОВ,

медицина ғылымдарының докторы, профессор.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31