ТІЛ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ - БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

«Біздіңміндетіміз– 2017 жылғақараймемлекеттіктілдібілетінқазақстандықтарсанын80 пайызғадейінжеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз».

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауынан.

 

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізі, барша қазақстандықтарды біріктірудің түйінді факторы. Ұлттың ұлт болып тарихта қалуына да ана тілі ерекше әсер етеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап қазақ тіліне деген көзқарас өзгерді. Оның ел ішінде насихатталуы, дамуы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің қатарында. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында біршама жұмыс атқарылуда. Бұл ретте, Павлодар облысы бойынша кедендік бақылау департаменті мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қосуда. Атап айтар болсақ, жыл сайын мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалады. 2007 жылдан бастап департамент ресми іс-қағаздарын мемлекеттік тілде толтыруға көшті. Қызметкерлер құжаттарды өздері дайындауға дағдыланды.

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту үшін бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Қызметкерлер мен өзге ұлт өкілдері қазақ тілі курстарына жазылып, біліктіліктерін арттырады. Биылғы жылы мекеме 110 қызметкерге оқыту курсын ұйымдастырды. Оқыту жұмыстарында тіл мәдениеті мен сөйлеу мәнеріне, ауызекі сөйлеу қабілетіне, аударма жасау икемділігіне баса назар бөлінді. Ерекше атап өтерлігі, департаменттегі барлық мерекелік шаралар қазақ тілінде өткізіледі. Мекемеде терминологиялық комиссия жұмыс істейді. Енді осы жылы атқарылған жұмыстарға аз-кем тоқталып өтсек.

Жыл басында «Елбасы Жолдауындағы тіл мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған өңіріміздегі тіл саясатымен айналысатын адамдар жиналып, мемлекеттік тілді дамытудың негізгі бағыттары сөз болды. Департамент ел тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған тұлғалардың мерейтойын атап өтуді де игі дәстүрге айналдырған. Бұл ретте, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өте әсерлі шықты. Шарада ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылды. Одан кейін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай «Халқым деп соққан жүрегі» аты әдеби кеш өтті. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - департамент қызметкерлеріне әдеби шығармалар арқылы мемлекеттік тілді насихаттау. Кеште Жамбылдың балалық, жастық шағы жайында қызықты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, департамент қызметкерлерінің арасында «Үздік аудармашы» байқауын ұйымдастыру жыл сайын жалғасып келеді.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырған «Бір ел – бір кітап» акциясы жоғары деңгейде өтті. Акция аясында жерлесіміз, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын қызметкерлер жаппай оқып, түйгендерін ортаға салды. «Ақбілек әлемі» атты әдеби кеште кеденшілер романның мазмұнын айтып, оқиғалар желісін, кейіпкерлердің тағдыры жайлы сөз қозғады. Мекемеде алғаш рет өткізілген акция алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Департамент өңіріміздің ақын-жазушыларын да бір сәтке естен шығарған емес. Бұл сөзімізге ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Ертіс дидары» газетінің бас редакторы Арман Қанимен өткен кездесу кеші дәлел бола алады. Қызметкерлер ақынға көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Кеш барысында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы ақын кітаптарының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Арман Бақтанұлының «Ар алдында», «Шындықпен бетпе-бет», «Тамшылар», «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» атты кітаптары қойылды.

Тілді дамыту бағытында атқарған жұмыстарымыз теңізге тамған тамшыдай болғанымен, мемлекеттік тіл біздің департаментте салтанат құрып келеді. Халқымыздың бай тілін танып, білу әр азаматтың борышы екенін ұмытпайық.

А.КИНЖИКОВА,

облыстық кедендік бақылау департаменті ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31