ҚАНЫШТЫҢ АНАСЫ – ӘЛИМА ИСАҚЫЗЫ

Осы жылдың 14 қаңтарында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде жазушы Кәкімбек Салықовтың «Тұлпардың тұяғы» атты деректі мақаласы жарық көрді. Онда Қаныш Сәтбаевтың қызы Ханиса туралы көптеген дәлелді әңгімелер айтылған. Өткен жылы «Егемен Қазақстан» газетінен «Қаныштың анасы» атты мақаланы оқығанымыз бар. Бұл дүниелердің жарық көруі әйгілі жерлесіміз, ғұлама ғалымның отбасы мүшелеріне байланысты өмірбаяндық деректерді жинауымызға түрткі болды.

Бұл ретте, алдымен белгілі өлкетанушы ғалым Серік Жақсыбаевтың шежіресіне және Қаныш Сәтбаевты «жиен ағам» деп, естелік айтудан жалықпайтын ардагер кенші Сағадат Әбікейұлы Садықовтың әңгімелеріне мән беріп отырмыз. Нақтысын айтқанда, Қаныш Сәтбаевтың анасы Әлима Исақызы туралы өз білетінімізді ортаға салуды жөн көрдік. Бір жағынан Сәтбаевтар әулеті маған да бөтен емес. Мен өзім - Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбдікәрімнің немересі Райханның жұбайымын. Бұған дейінгі жиған-зерделеген Әбдікәрім Сәтбаев туралы деректерімді «Сарыарқа самалы» 2007 жылы басқан болатын.…

«Біз Қаныш туралы жазған кітаптарды оқығанда бір қапа болатын нәрсе, оның туған шешесінің өмірбаяны жоқ. Менің пікірімше, бұл дұрыс емес, - деп жазады Сағадат Әбікеев «Екібастұз әуендері» атты деректі кітабында (261 бет, Екібастұз қаласы, 2004 жыл). - Сәтбайдың Шорман келіні, жесір отырған Әлиманы Имантайға қосуы көрегендігі, ұрпағының өрісті болатынын білгендігі деп тағы бір сырды қозғайды.

Шежіреші Серік Жақсыбаев Әлима Исақызының туған жылы 1862 деп дәйектейді. Сағадат аға кітабында «Әлима анамыз 1860 жылы Ақши-Амантауда өмірге келді. Әлима анамыздың ағасы Мағзұмнан туған Қазыкен атамнан «Әлима апайдың мінезі, жүріс-тұрысы қандай едідеп сұрағанымда, ата: «ол ұзын бойлы, талдырмаш, келбетті, мінезі жайсаң, жүрегі нәзік, өмірі «сен» деп сөйлемейтін, инабатты, бала жанды еді», - дейтін. Тағы бірде «Қаныш Баянауылдың Теңдік ауылына келгенде, өзі қонған үйге нағашысының баласы Ғабду мен ауыл ақсақалы Мәжікенді алдыртып көп әңгімелесті» деп жазады. Мұндағы Мәжікен Қаныштың нағашысы екендігіне күмәніміз жоқ.

Біз Кәкімбек ағамыздың аса толғаныспен, шабытпен жазылған, дерегі мол шығармасын оқыған соң, Қаныштың анасы Әлима туралы жоғарыдай деректерді қосқанды жөн көрдік. Қаныш атамызды дүние жүзіне насихаттап жүрген Кәкімбек ағаға Сәтбай ұрпақтары дән риза.

 

Жұмағали ҚОҒАБАЙ,

«Ақсақалдар әділқазылығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

Екібастұз қаласы.

 

 

баспасөз орталығының маманы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31