2012 жыл қаңтар айының хроникасы

- 1972 жылғы 1 қаңтарда Павлодар қаласында облыстық ғылыми-техникалық кітапхана ашылды;

- 1982 жылғы 1 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау бөліміне қарасты қалалық наркологиялық диспансер бой көтерді;

- 1987 жылғы 1 қаңтарда Павлодар қаласында ауылдық жерлердегі құрылыс жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттармен қамтамасыз ету мақсатында «Целингипросельхоз» жобалау институтының филиалы ашылды;

- 1992 жылғы 2 қаңтарда Павлодар қалалық атқару комитетінің шешімімен облыс орталығында «Нептун» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді;

- 1967 жылғы 10 қаңтарда мемлекеттік комиссия Павлодар алюминий зауытының екінші кезеңін тұрақты өнеркәсіптік пайдалануға қабылдады;

- 1967 жылғы 10 қаңтарда Павлодар қаласындағы құтқару станциясы пайдалануға берілді;

- 1957 жылғы 11 қаңтарда тың және тыңайған жерлерді игеруде қол жеткізген жоғары көрсеткіштер үшін КСРО-ның Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қазақстанның 139 еңбеккеріне Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен балға» алтын медалі тапсырылды. Осындай марапаттарға облыстың 11 азаматы ие болды;

- 1982 жылғы 12 қаңтарда Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен облыс орталығындағы Вокзальная көшесі Павлодар уездік революциялық комитетінің төрағасы Т.Дерибастың құрметіне Дерибас көшесі болып қайта аталды;

- 1967 жылғы 16 қаңтарда №1 Ертіс көмір кенішінде 100 миллионыншы тонна көмір алынды;

- 1977 жылғы 20 қаңтарда Павлодар қалалық атқару комитетінің шешімімен Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Ленин көшесі, 149 мекенжайындағы ғимаратқа көшірілді;

- 1997 жылғы 20 қаңтарда Шарбақты ауданының орталығында «Мария - помощь христианам» Рим-католиктік шіркеуі» діни бірлестігі тіркелді. Аталмыш діни бірлестік, Германиядан жіберілген ақшалай қаржыға ауыл тарихында алғашқы діни ғимарат – «Во славу Божественному проведению» католиктердің храмын салды;

- 1997 жылғы 23 қаңтарда аймақ басшысының шешімімен қаржылық-экономикалық сауықтыруға бағытталған шараларды әзірлеу, кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру, қайта ұйымдастыру бойынша рәсімдерін өткізу және төлемге шамасы келмейтін борышкерлерді жою мақсатында облыстық комиссия құрылды;

- 1962 жылғы қаңтарда Павлодар қаласында екінші ірі панельді үй құрылысының комбинаты пайдалануға берілді;

- 1977 жылғы қаңтарда Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары Лебяжі ауданы Бесқарағай мемлекеттік асыл тұқымды зауыт қызметкерлерімен бірлесіп, солтүстік-қазақ мериносы атты жаңа қой тұқымын алды;

- 1967 жылғы қаңтарда қазіргі Ақсу қаласындағы Феррозауыт теміржол станциясы пайдалануға берілді;

- 1997 жылғы қаңтарда дәрі-дәрмектер шығаратын Павлодар зауытында аспирин өндірісі бойынша жаңа желі іске қосылды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 350 миллион таблеткаға дейін ұлғайды, сонымен қатар, шығарылатын дәрі түрлері көбейді;

- 1972 жылғы қаңтарда «Богатырь» көмір кенішінің құрылысы Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды;

- 1952 жылғы 2 қаңтарда Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы, «Павлодар облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945» (2010) мультимедиалық анықтамалық құралы авторларының бірі Халел Хайруллаұлы Әкімханов дүниеге келді;

- 1937 жылғы 8 қаңтарда механизатор, Социалистік Еңбек Ері Владимир Васильевич Леонов дүниеге келді;

- 1932 жылғы 2 қаңтарда Павлодар педагогикалық институтының шетел және орыс әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымының кандидаты Владимир Васильевич Мухин дүниеге келді (1996 жылғы 13 тамызда қайтыс болған);

- 1927 жылғы 21 қаңтарда КСРО және Қазақ КСР-ның жоғары үздік педагогы, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген ұстаз (1987), Екібастұз қаласының құрметті азаматы (1987) Раиса Яковлевна Нуралина дүниеге келді (1992 жылғы 22 қыркүйекте қайтыс болған);

- 1837 жылғы 5 қаңтарда шығыс танушы, түркі танушы, этнограф және археолог, Қазақстан мен Павлодардың Ертіс өңірін зерттеуші Василий Васильевич Радлов дүниеге келді (1918 жылғы 12 мамырда қайтыс болған);

- 1907 жылғы 10 қаңтарда Павлодар облысы ағарту саласының үздік қызметкері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі (1969), Ұлы Отан соғысына қатысушы Уәли Сәттібайұлы Сәттібаев дүниеге келді (1994 жылғы 23 қаңтарда қайтыс болған);

- 1912 жылғы 10 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры (1944), запастағы подполковник Константин Фомич Шувалов дүниеге келді (1999 жылғы 1 наурызда қайтыс болған).

Павлодар облыстық

мемлекеттік мұрағаты.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30 31