ЕЛБАСЫ Жылнамасындағы ел тынысы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор М.Б.Қасымбеков жетекшілік ететін шығармашылық топтың әзірлеуімен «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности» деп аталатын көптомдық басылым жарық көрді.

1990-2010 жылдарды қамтитын басылым 16 томнан тұрады. Екі жылға негізделіп құрастырылған алғашқы бес том 1990-шы жылдарға арналған. 2000 жылдан бастап, 2010 жылды қоса алғандағы кезеңді бейнелейтін кезекті 11 томның әрқайсысы бір жылдың оқиғаларын қамтиды.

Өзінің мазмұны мен техникалық орындалуы жөнінен хроника бүкіл кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі теңдесі жоқ бірегей басылым болып табылады. Әр томға кітапқа қоса, дербес ақпараттық өнімдер іспеттес мультимедиалық компакт-дискі кіреді.

Кітапта кеңестерді, іскерлік кездесулерді, ірі қоғамдық-саяси акцияларды, елдің өңірлеріне жұмыс сапарлары мен шет елдерге сапарларды, тағы басқаларды қоса алғанда, Мемлекет басшысының қатысуымен елдің ішінде де, шет елдерде де өткен негізгі іс-шараларға шолу берілген.

Сонымен бірге, ақпараттандырылуын көбейту үшін кітапта:

- Н.Ә.Назарбаевтың ең елеулі сөйлеген сөздері;

- көрсетілген жылдардағы Қазақстан Республикасының Заңдары мен Президент Жарлықтары;

- әлдебір оқиғалар бойынша қосымша ақпарат беріп қана қоймай, қажет кезінде олардың тарихи және саяси мәнін ашатын әртүрлі анықтамалық ақпарат;

- қажетті ақпараттың жедел іздестірілуін қамтамасыз ететін адамдардың аты-жөндерінің, географиялық атаулардың, мекемелер мен ұйымдардың көрсеткіштері ұсынылған.

Көрнекілікті арттыру үшін ең маңызды іс-шаралар фотосуреттермен дәйектелген, мұның өзі оқырманның баяндалып отырған оқиғалардың атмосферасына толығырақ енуіне мүмкіндік береді.

Компакт-дискіде ақпарат күнтізбе түрінде ұсынылған, ондағы кез келген күнге кіре отырып, көрсетілген күнге қатысты мейлінше толық ақпарат алуға болады. Оның құрамында мыналар бар:

- іс-шараларға шолу;

- Н.Ә.Назарбаевтың ең елеулі сөйлеген сөздерінің мәтіндері;

- Мемлекет басшысы бір жылдың ауқымында барған ел өңірлері мен шет мемлекеттер бойынша анықтамалық ақпарат, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы мәліметтер.

Осымен бір мезгілде, пайдаланушыларға қолайлы болу үшін компакт-дискідегі материалдар мынадай – «Ключевые события», «Рабочие поездки по регионам», «Зарубежные визиты», «Перечень законов Республики Казахстан», «Перечень указов Президента Республики Казахстан» деп аталатын арнаулы тараулар аясына топтастырылған.

Дискінің шүбәсіз артықшылығына онда кез келген қызықтыратын ақпаратты табуға болатын іздестіру жүйесі бар екенін жатқызуға болады, ол үшін басты сөзді жазып көрсетіп, іздестіру алаңын нақты күндермен шектеу жеткілікті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың кез келген мәтіндік ақпаратты көшіріп және бастырып шығарып алу мүмкіндіктері бар. Одан басқа, дискіде бай фото және бейнеархив қамтылған, пайдаланушылар онда маңызды оқиғалар мен іс-шараларды бейнелейтін көптеген фотосуреттермен, сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың ең елеулі сөйлеген сөздері жазылған бейнематериалдармен таныса алады.

Таралымның шектеулілігін ескере отырып, аталған материалдарға көбірек қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, 1990-2010 жылдардағы дискілердің мазмұны «Ақорда» сайтына (http://www.akorda.kz) орналастырылды.

Хрониканы әзірлеу барысында Президент Архивінің, Тұңғыш Президент Мұражайының, Президент Әкімшілігінің, Президент Телерадиокешенінің, Кинофотоқұжаттардың Орталық мемлекеттік архивінің, «Қазақпарат» ұлттық ақпараттық компаниясының, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің қорларындағы және т.б. мұрағаттық құжаттарды (фото және бейне материалдарды қоса алғанда) оқып-танысу және жүйелеу жөнінде үлкен зерттеу жұмысы жүргізілді.

Қазіргі кезде 2011 жылдың кезекті томы басуға әзірленуде, ол ағымдағы жылы жарық көреді. Одан әрі хроникалардың шығарылуы жылына бір реттік кезеңмен жалғастырылатын болады.

Тұтасымен алғанда, хроника бірінші кезекте ғылыми, педагогикалық және оқушылар аудиторияларына, сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси дамуының мәселелеріне қызығатындардың бәріне арналған маңызды құжат көзі болып табылады.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28
30 31