ЖАҢА ФИЛЬМ

Алматыда режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Тәңір жарылқасын» атты бес бөлімді деректі фильмінің тұсаукесері өтті.  
Шығарманы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен «CentauRus» студиясы түсірді. Фильм «Шыңғыс ханның ізімен» деп аталатын ғылыми-танымдық экспедицияның күнделігіндегі жазбаларға негізделген. «Алаш Медиа Групп» медиа-холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаевтың қолдауымен ұйымдастырылған  экспедиция Алматы-Ұлан-Батор бағытында 5600 шақырымдық жолды қамтыды. Оған кинорежиссер Р.Әбдірашев пен С.Құрманбеков, суретші-жаңғыртушы Қырым Алтынбеков және тағы басқа өнер иелері қатысты. Режиссердің айтуынша, экспедиция Жетісу және Шығыс Қазақстанның, атап айтсақ, Тамғалы тас, Есік қаласында табылған Алтын адам қорғаны, ежелгі Талғар және Қойлық қалашығы сияқты тарихи орындарымен жүріп өткен. Одан кейін, Моңғолиядағы Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері мен Түрік қағанатының астанасы Орда-Балық қаласы, Жыланды бекініс қаласы, Шыңғысхан империясының астанасы болған Қарақорым қаласында және басқа да ежелгі көшпенділердің тарихи ескерткіштерін аралап шыққан.
 

А.ЕСІМХАНОВА.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29