ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚАШАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ?

«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін бұдан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек».

                        Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

Kүні бүгінге дейін облыс орталығындағы автобустарда, трамвайлар мен маршруттық таксилерде жолаушыларға қызмет көрсететін кондукторлар аялдамаларды көбіне орыс тілінде хабарлаумен келеді. Неге бұлай?
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңындағы  8-бабының «Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады» деген талабын орындауға облыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аталмыш органның Павлодар қалалық бөлімі бет бұрмай келеді. Біз – бұған қала халқының да, басқа өңірлерден келіп жүрген қонақтардың да реніш білдіріп жүргендерін көрген куәгерлердің біріміз.
Шын мәнісінде, кондукторларды  қазақша сөйлетудің ешқандай қиындығы жоқ дер едік. Бұған тек кәсіпорын басшысының қатаң талабы мен мемлекеттік тіл жөніндегі маманның мақсатты атқарған жұмысы болса болғаны.
Тіл маманы ретінде біздің ұсынысымыз мынадай: біріншіден, кәсіпорын басшысы ұжым мүшелерімен еліміздегі тіл саясаты туралы ашық әңгіме өткізуі қажет; онда Елбасының өткен жылғы Жолдауындағы және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» басты талаптар жан-жақты сөз болғаны жөн; екіншіден, қазақ тілін күнделікті жұмысына қатысты көлемде үйренемін дейтіндерге арнайы курстар ұйымдастыру керек; үшіншіден, кәсіпорын басшысының қызметкерлердің өз жұмыс орындарында жолаушыларға қызмет көрсетуде мемлекеттік тілді қолдану жөнінде бұйрығы шықса, сірә, мұны орындамайтындар бола қояр ма екен.
Әрине, кондукторлардың барлығы бірден қазақша сайрап кете қоймас, бірақ, уақыт өте мемлекеттік тілге әбден жаттығары сөзсіз. Кәсіпорын басшыларының осы ретте кондукторларды ынталандыру жағын да ескергендері жөн. Айталық, осы қызметкерлердің арасында тіл білу деңгейлеріне байқау өткізу, байқау жеңімпаздарын тиісінше көтермелеу, оларды басқаларға үлгі ету, кәсіпорынның қабырға газетіне жазу, жергілікті радиоқабылдағыштан құттықтау сияқты шаралардың ықпалы зор болмақ.
Кондукторларды оқытумен кәсіпорындағы мемлекеттік тіл жөніндегі маман айналысуға тиісті. Біздіңше, автобус және трамвай кондукторлары мына сияқты тілдесу амалдарын білгендері жөн:

Абай болыңыздар, есіктер жабылады –
Будьте осторожны, двери закрываются
Автобус/трамвай жолақысы 40 теңге –
Проезд в автобусе/трамвае стоит 40 тенге.
Жолақысын төлеңіздер  –  
Прошу оплатить проезд.
Өткізіп жіберіңізші –
Пожалуйста, дайте пройти.
Кірушілер, артқа өтіңіздер –
Вошедшие, пройдите назад.
Кірушілер алға қарай жылжыңыздар –
Вошедшие, двигайтесь вперед.
Жолақысын тағы кім төлеген жоқ? –
Еще кто не оплатил за проезд?
Жасы үлкен адамдарға орын беріңіздер –
Уступайте место людям пожилого     возраста.
Балалы жолаушыларға орын беріңіздер –
Уступайте место пассажирам с детьми.
Мүгедектерге орын беріңіздер –
Уступайте место инвалидам.
Жеңілдікпен жүру құжатын ашық  күйінде көрсетіңіздер –
Покажите льготный проездной документ     в развернутом виде.
Бұл - «Пединститут» аялдамасы –
Это – остановка «Пединститут»
Келесі «Музыкалық колледж аялдамасы»
Следующая остановка
«Музыкальный колледж».
Сіз келесі аялдамадан түсесіз –
Вы выходите на следующей остановке.
Ақырғы аялдама – Конечная остановка.

Міне, бұлар – автобус/трамвай кондукторының жұмысына тікелей қатысты бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер. Кондуктор сондай-ақ, жолаушылар тараптарынан қойылатын мына сияқты:
– Бұл автобус/трамвай «Саяжай» шағын ауданына дейін бара ма?
(Этот автобус/трамвай идет до микрорайона «Дачный»?).
– Иә, барады (Да, идет).
– Жоқ бармайды. Оған 21 нөмірлі автобус барады (Нет, не идет. Туда идет автобус номер 21).
– Айтыңызшы, 22 нөмірлі автобус қай жаққа барады? (Скажите, пожалуйста, куда следует автобус номер 22?).
– 22 нөмірлі автобус вокзалдан аэропортқа дейін барады (Автобус номер 22 следует от вокзала до аэропорта) және т.б. сұрақтарға да жауап бере алулары тиіс. Мұны кондукторларды оқытқан тіл мамандары ескеріп, осындай тәріздес басқа да сұрақтарға жауап бере алатындай деңгейде үйретуге міндетті.
Сол сияқты, жолаушылар көлігін үгіт-насихат орны ретінде де пайдалануға      әбден болар еді. Мысалы, қарапайым түрде амандасу, хал-жағдай сұрасу, мейраммен және мерейтоймен құттықтау, т.б. байланысты тілашар материалдары көрнекі етіп жазылып ілінсе, бұларға назар аударатындар да аз болмас еді. Ал көліктің әр түрінде қазақ халқының беделді тұлғаларының (ақын-жазушыларының, мемлекет қайраткерлерінің, би-шешендерінің) суретімен бірге мынадай сөздері жазылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді:
Демек, енді арқаны кеңге салмай, күнделікті тұрмыстық қызмет көрсететін, сауда, медицина, есеп-қисап, дәрі-дәрмек босату салаларында да осындай нысаналы жұмыс жүргізетін уақыт жеткен сияқты. Олай болса, құрметті мекеме басшылары мен тіл мамандары, туған тіліміздің бағын ашу жолында игі істерді  қолға алайық демекпіз.
 

Ульян МАҚҰЛ,
ПМПИ мемлекеттік тіл және
құжаттамамен қамтамасыз ету
бөлімінің маманы.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29