САУАЛ – ІЗДЕН, ЖАУАП – БІЗДЕН.

Құрметті оқырмандар! Редакциямызға Сіздерден күнделікті түсіп жататын хаттардың басым бөлігі белгілі бір мәселеге, көпшілікті толғандыратын сұрақтарға қатысты өріледі. Сіздердің тілек-ұсыныстарыңызды ескере отырып, газетімізде «Сауалсізден, жауап - бізден» атты сұрақ-жауап айдарын жандандырдық. Көкейде жүрген сауалдарыңызға жауап іздесеңіздер, осы айдарға жолдаңыздар. Толғандырған мәселеге қатысты әр саланың мамандары, сарапшылар жауап береді.

 

Анар БЕЛГІБАЕВА, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Жасым 24-те. Кәсіби медицина мамандарының сапалы кеңесіне мұқтажбын. Себебі, денсаулығымның сыр беретін кездері көп. Білгім келгені, облыс орталығында мен сияқты жастарға арналған медициналық орталықтар бар ма? Олардың көрсететін қызметі ақылы ма?

 

Павлодар аудандық емханасы жанындағы «Болашақ» жастар денсаулығы орталығының жетекшісі Нұргүл АЙҒОЖИНА:

- 29 жасқа дейінгі азаматтарға «Болашақ» орталығының есігі әрдайым ашық. Орталыққа келген кез-келген жас білікті медицина мамандарынан кеңес алып, психологтардың көмегіне жүгіне алады. Айта кетерлігі, бұл қызмет түрлерінің барлығы – тегін. Мамандар дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Суворов көш. 66 үй. 8 - (7182) 51-80-98 байланыс телефоны арқылы хабарласып, сауалдарыңызды Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.

 

Ардақ ЕСІМОВ, Лебяжі ауданының тұрғыны:

- ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы естіп жатырмын. Аталмыш заңда отбасы және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мақсатындағы нормалар жаңадан қарастырылған. Осыған байланысты бала асырауға құқық берілмейтін азаматтар санаты артты. Олар қандай санаттағы адамдар?

Павлодар облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Раушан СӘБИТОВА:

- Үстіміздегі жылғы қаңтар айының 18-нен күшіне енген «Неке (зайыптылық) және отбасы» Кодексіндегі өзгерістерге байланысты бала асырауға құқық берілмейтін санаттағы азаматтар қатары артты. Оларға: 1) Сот шешімімен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетшектеулі деп танылғандар. 2) Сот шешімімен біреуі әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп танылған ерлi-зайыптылар. 3) Сот арқылы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарынан шектелгендер. 4) Ел заңдарында жүктелген мiндеттердi орындамаған қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлгендер. 5) Сот тарапынан бала асырап алу құқығынан айырылған бұрынғы бала асырап алушылар; 6) Денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар. 7) Тұрақты тұрғылықты жері жоқ азаматтар. 8) Дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатындар. 9) Бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбағандар. 10) ҚР азаматтығы жоқ тұрғындар. 11) Заңды некеде тұрмаған ер азаматтар. Анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайлары ескеріледі. 12) Еліміздегі заңнамамен бекітілген төмен күнкөріс деңгейі бойынша баланы асырауға қауқарсыз азаматтар. 13) Наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрғандар.

Сауалдарыңызды 8 (7182) 61-80-37 телефон нөмірі арқылы қоюға немесе Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды поштасына жолдауға болады.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29