«Күш-қуатымыз еселеніп, жігеріміз артады!»

дейді зауыт қызметкерлері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуҚазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытында жиын өтті. Шараға «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Павлодар қалалық филиалы бастығының бірінші орынбасары Арман Ешмұратов, сондай-ақ, мекеме басшылығы мен жұмыскерлер қатысты.

Зауыттың әлеуметтік сала жөніндегі директоры Алтын Имантаева Мемлекет басшысының халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттер төңірегінде әңгіме өрбітті. «Бүгінгі біздің кездесуіміздің басты мақсатыЕлбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттап қана қоймай, ел өмірінде аса маңызды құжатты сіздермен бірге талқылап, баршамызға жүктелген тапсырмалар төңірегінде пікір алмасу» - деді ол.

Мұнайшылар Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға күтетіндерін жеткізді. Зауыттың техникалық директоры Оспанбек Әлсейітов жұмысшылар қауымы алдындағы міндеттерге тоқталды. «Ендігі мақсатбиылғы стратегиялық құжатта белгіленген тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыру. Зауыт жұмысын жетілдіру, еуропалық стандартқа сай өнім өндіруді еселеу, еңбеккерлерімізді әлеуметтік қорғау сынды игі істер жалғасын табуда», - деді ол. Мұнайшылардың айтуынша, бүгінгі тамаша мүмкіндіктердің барлығы Елбасы Жолдауы аясында жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Зауытта 4 мыңнан астам маман бар. Олардың 1500-і – техникалық сала қызметкерлері. Өнеркәсіпке жыл сайын алпысқа жуық жас маман қабылданып отырады. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж жұмысшыларды баспанамен қамту, біліктілікті арттыру, білім алу мәселелері басты назарға алынған. Тіпті, жастардың мәселелерін шешумен айналысатын «Жастар қанаты» атты ұйым да бар. Жас мамандардың бірі - Ардақ Қожасов зауытта үш жылдан астам уақыт қызмет етуде. Негізгі мамандығы - өндірістік бақылау бөлімінің инженері. «Елімізде білім алам, еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдаған соң, осы зауытқа қызметке тұрдым. Сол кезден бастап, ерекше қамқорлыққа бөлендім. Күнделікті жұмыс істей жүріп, екінші жоғары білім алдым. Осының барлығы Елбасы Жолдауы аясында атқарылып жатқан игі істердің арқасы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді», - дейді жас маман.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29