БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

облыс әкімі ардагерлермен кездесті
Кеше облыс әкімі Ерлан Арын өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардагерлер қауымымен кездесті. Аға буын өкілдерімен өткен емен-жарқын әңгіме барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер де көтерілді.
-Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл кездесудің басты мақсаты – ізгі тілектеріңізді, ақ баталарыңызды алу, - деді Ерлан Мұхтарұлы.
Ардагерлер - әрдайым қатарда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аға буын өкілдеріне тамаша мүмкіндіктер тудыруда. Аудандар мен қалаларда ардагерлер үйі ашылуда. Онда қарттардың бас қосып, ел жағдайын талқылауға барлық жағдай жасалған. Өткен жылы павлодарлық 500 ардагер ел ордасы – Астанаға саяхаттап келді. Биыл қадірлі қарияларды «Ағарту», «Лесная сказка» демалыс орындарына арнайы жіберу көзделіп отыр. Ол үшін қыруар қаржы бөлінді.
Биыл Павлодар облысындағы ардагерлер қозғалысына 30 жыл толады. Осыған байланысты Ерлан Мұхтарұлы: «Аталмыш мерекені ерекше атап өтуіміз керек. Мейрам қарсаңында бірқатар жұмыстарды атқаруымыз қажет. Жергілікті жерлердегі ардагерлер кеңесінің төрағаларына жалақы төлеу мәселесі алдағы бір айдың ішінде шешімін табады. Сондай-ақ, бұдан былай ардагерлер үйінде «ашық есік күндері» ұйымдастырылатын болады. Яғни, түрлі мекемелердің өкілдері ардагерлердің алдында жеке тілек-өтініштері бойынша есеп беріп, сұрақтарына жауап береді. Қысқасы, аға -апаларымыз мәселелерін шешу үшін мекемелердің табалдырығын тоздырмайды. Алдағы уақытта аудандар мен қалалардағы ардагерлер үйіне жергілікті кәсіпорындардың бірі көмектесетін болады. Біз осы бағытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Өз кезегінде, ардагерлер қауымы аймақ басшысын жаңа қызметімен құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Павлодар облысының Құрметті азаматы Әби Сарқыншақов ономастика мен тіл салаларына қатысты мәселе көтерді. «Бүгінгі ұрпақ Естай атындағы қалалық мәдениет сарайына, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына, Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барады. Алайда, солар есімдері мәдениет ошақтарына берілген атақты тұлғалардың қазақ халқы, біздің облыс үшін қандай еңбек сіңіргенін біле бермейді. Сондықтан, аталған мекемелердің алдына ескерткіштер орнатып, онда жерлестеріміздің елеулі еңбектерін, өмірбаянын жазып қою қажет», - деді ақсақал.
Қашыр аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Балютина өңірдегі ардагерлердің тұрмыс-тіршілігін сөз етті. Ол ардагерлер үйінде байланыс құралының жоқтығын айтты. Сондай-ақ, жасы ұлғайған қарияларға аудандық орталық аурухананың екінші, үшінші қабаттарына көтерілу қиын екенін жеткізді. Неге екені белгісіз, емдеу орталықтарында емшара бөлмелерінің көбісі жоғары қабаттарда орналасқан. Ал оған шығу - егде жастағы адамдар үшін қиындық туғызады. Ерлан Мұхтарұлы бұл мәселе егжей-тегжейлі қаралатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында аймақ басшысы қалалар мен аудандардағы ардагерлер үйінің басшыларына жаңа компьютерлерді сыйға тартты. Бұл құрылғыларға интернет желісі де қосылатын болады. Облыс әкімі: «Елбасы халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру туралы тапсырма берді. Осыған орай, сіздер енді кеңседе отырып-ақ,  қалаған сұрақтарыңызды құзырлы мекемелерге жолдай аласыздар»,- деді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29