БАЛУАННАН ГӨРІБӘЙГЕНІҢ АТЫ БАҒАЛЫ МА?

Біздің халық тойшыл келеді. Қырық құнаны барлар қалада, тоғыз тоқтысы барлар ауылда кредит алса да той жасайды. Тіпті, соңғы уақыттарда «түгенше» деген бай Сауд Арабиясында баласының үйлену тойын жасап, арнайы ұшақ жалдап, екі жүздей адамды бір аптаға демалуға апарыпты, басқасы былай тұрсын шашуға алтын, гауһар сақина-жүзік, алқа-білезік шашыпты» дегенді жиі еститін болдық. Әркім көрпесіне қарап көсіледі ғой. Бірақ басынан биік секіргісі келгендерге енді тек айға ұшып барып той жасап, өзге ғаламшарлықтармен вальс билеп қайту ғана қалған секілді. Әйтпесе, әлем-жәлемнің барлығын жасап болды. Алайда, айтарымыз бұл емес.

Жекелеген отбасылық тойлармен қатар елге белгілі тұлғалардың, қалалар мен аудандардың түрлі мерейтойларын жасауда алдымызға жан салмайтын болдық. Ат шаптырып, балуан күрестіріп, айтыс жасап, алқалы топтың алдында атағы шыққандардың жауырынына жылы шапан жауып арқасынан қағып жүрміз. Әрине, атап өткенге не жетсін! Бірақ,  балуандарымыздың бәсі төмендеп кеткен секілді. Әңгіменің ауаны осы болып тұр.

Әрине, ат мінгенге не жетсін, шіркін! Ат – қазақтың асыл қазынасы. Қадымдардан қыл құйрықтының қадамын қадағалап өскен елміз. «Итің жаман» десе намыстанатын қазақ, «атың болдырыпты» десе қынындағы қылышына қол жүгіртетіні бар. Дегенмен, адам мен атты салыстыруға болмас. Ата заңымызда да ат емес, мемлекеттің байлығы адам деп жазылған. Барлығы жоғарыда айтқан тойдан басталып отыр. Аудандар мен қалалар мерейтойларын атаса балуандарды белдестіреді де бірінші орын алғандарға он мың, екінші орын иеленгендерге бес мың, қалғандарына екі мыңнан ұстатып қоя береді. Төбесінен ұрса түйені құлататын балуандар болса, жүлдеге әрі кетсе жүз мың теңге алғандарына мәз. Ау, ағайын сонда адам аттан кем бе? Жиырма шақырым шауып болдырған аттан гөрі балуан артық қуат сарп етпесе, кем шығындалмайды. Неге балуандардың мысын басып, сағын сындыра береміз? Аламанның алдынан келген ақалтекеге берген «темір тұлпарды» балуанның жамбасына басуға болмайды                ма? Ат шауып шалдықса, адам психологиялық тұрғыдан да тозады. Тоқ бәйгеден шауып келген атты оңалтып алу үшін атбегілердің қанша шығындалатынын білеміз. Ал адамның өз бабына келуі үшін аттан бес есе күтім керек. Осыдан келіп, күрес дамымай жатыр деп байбалам саламыз. Айлығы түгілі шайлығына жетпейтін жүлде қоры үшін кім белдескісі келеді дейсің бұдан соң?

Екі жақтан екі адам ноқталап жетектеп шыққан, аюша ақырған Зілқараны Алпыс балуан төбесіне «әуп» деп көтеріп алып, жерге тастай салып, тұтас Ақтілес руының атын аспандатқан. Балуан Шолақ пен Мәдилер құлын кезінен құрық көрмеген бесті айғырларды бір қолмен қозы құрлы көрмей тізерлеткен дейді. Наурызбай батырдың саптама етігінде 3-4 жасар бала тығылмақ ойнап, үзеңгісіне байталдың басы еркін сыйып кетеді екен. Қазақтың атын  айдай әлемге танытқан шашының жуандығының өзі инедей болған Қажымұқанның ерлігін кім жоққа шығара алады? Алып күш иесі екендігіне сенбесеңіз Баянауылдағы Сүбек ұстаға арқалап әкелген тасын көріңіз, бүгінгі бес жігіт көтере алса, тәубә. Қазіргі күні де асауды аяғына арқан байламай жығатын жігіттер бар. Бірақ, күреске деген насихаттың болмауынан жылқы баққанды жөн санап жүр. Төрт аяқты атқа берген көлікті екі аяқты балуанға бергеннен ұтпасақ ұтылмасымыз анық? Басқасы басқа, дәл Керекуде той өтіп, түйе балуан «жигули» жеңіп алыпты дегенді естімеппіз.

Айтар сөздің ақиқатын алға тартайық, қазір күрес, соның ішінде қазақша күрес дамымай жатыр деп бай-балам саламыз. Егер айналысатындар аз болса, оған қатысқаннан пайда көрмесін білген білектілердің боз кілемге шығуға зауқы соқпаса, онда күрестің келешегінен үміттенудің қажеті шамалы. Бүгінгі күннің өлшемімен кез келген сала материалдық қолдауды қажет етеді. Айласын асырып тұғырға көтерілген балуанға тұлып түгілі шұлыққа жетпейтін жүлде беріп күрестің көсегесін көгерте алмаймыз. Ең бастысы, жүлде қорын бөлген кезде жарысқа ат емес, адам түсетінін ескеру шарт секілді. Күресті көрген адамның бәйгені тамашалағаннан артық делебесі қозбаса кем емес. Әрине, қазақтың тойын бәйгесіз елестету де қиын. Алайда, атты адамның алдына сала бергеннен асуымыз биіктемейді. Соны қаперден шығармаған жөн болар.

Бейбіт БӨЖЕН,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29