ВАНДАЛДАРДЫҢ ЗАЛАЛЫН БАЛАЛАР ЖОЮДА

 

       Сурет мектебінің тәлімгерлері үшін жаңа оқу жылы ерекше басталды. Үйреніп қалған парта мен академиялық білімдердің орнын нағыз тәжірибе алаңы алмастырды. Балалар облыс орталығындағы  жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өту жолын көркейту шараларына атсалысуда.

       Бұл нысанға былтыр ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Алайда, «нұротандықтар» шаруаның мардымсыз жасалғанын анықтап, мердігер фирма өз қаражаты есебінен жіберілген олқылықтың орнын толтырған. Бірақ, бұл қаржы да құмға сіңген судай болды. Пластикалық жапсырмалар біздегі қыстың қаһарына төзе алмай, істен шыққаны өз алдына, вандалдар да жер асты өту жолына барынша залалы мен салдарын тигізген. Қабырғаға міндетті түрде аяқ киімдерінің іздерін қалдырып кете барады. Есесіне, Қозы-Көрпеш пен Баяндай романтик көрінеді: ғашықтық сезімдерін де осы жерге жазып кететіндер бар. Қайта ар-намысқа тиер ұят сөздердің болмағанына, шүкір.

      Бұл күндері жер асты өту жолы адам танымастай өзгеріп жатқанына павлодарлықтар мен қала қонақтары куә. №2 балалар сурет мектебінің тәлімгерлері вандализмнің тамырына балта шауып жатыр. Ендігі кезекте дөрекеліктің орнын баянды ғұмыр елестері алмастырады. Қылқаламды қолға алған жас дарындар ашық түсті келешекке бастайтын күннің көзі, көк аспан, бақытты балалық шақты суреттеуде. Патриоттық бейнелер де жоқ емес. Қазақстан, Астана, Павлодар тақырыптары да ою-өрнекпен көмкерілуде.

      Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен бұл көкейде жүрген көптен бергі идея екенін білдік. Ұсыныс суретке бейімдейтін барлық білім ордаларына айтылған еді, Павлодардағы №2 балалар сурет мектебінің ғана қолдауын тапты. Оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алексей Балин жеткіншектердің ерекше ықыласпен жұмыс жасап жатқанын айтады. Барлығы 13-15 жас аралығындағы сексеннен аса бала жұмылдырылған.  Дүйсенбіде басталған шаруа апта соңына дейін аяқталмақ.

      Бөле-жара айтары, бастамаға бюджет есебінен көк тиын де бөлінбеген. Демеушілерге идея ұнағандықтан, қажетті керек-жарақпен келісе қамтыпты. Жер асты жолының көркін келтіре түсу үшін 100 литр эмульсия, 4 қорап коллер, 100 дана қылқалам жұмсалса керек. Еңбек қауіпсіздігі шаралары да ескерілген.  Мәселен, Германияда өткен халықаралық конкурстың лауреаты Мадия Тлеубердинова үлестірілген сырдың мұрын жарар иісі болмағанына рахмет айтады, ал суретті қажетінше салуға дайын. Өртке қарсы өткен қалалық өнер көрмесінің жүлдегері Аян Әби туған шаһарының гүлденуіне үлес қосқанына разы, жұмыс көңілінен шыққанын жеткізді. Мектеп директоры Наталья Герусова да мұндай мүмкіндікті пайдаланбаған әбестік болар дейді. Себебі, бұл балаларды командада жұмыс істеуге баулуға септігін тигізеді. Есесіне, өз қолдарымен жасаған туындыны бұзуға дәттері бармас, құрдастарына да үлгі болар.

       Жас қылқалам иелерінің өнерін тамашалаушылар да көп. Тіпті, алдағы уақытта  Академик Сәтбаев көшесін кесіп өтуде міндетті түрде тек жер асты өту жолын пайдалануға уәде берген. Демек, қозғалысы қатты бағытта апаттық оқиғалардың алдын алу шаралары іспетті бұл.

 

Анар СЕЙІТБАТТАЛ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30