«АҚҚУ ҮНІНЕ» - 70 ЖЫЛ

       Биыл Лебяжі аудандық «Аққу үні» газетіне 70 жыл толып отыр. Бұл – облыстағы қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік үлесін қосып, қашан да халықпен тығыз байланыста келе жатқан басылым. «Аққу үні» газетінің тарихы да аудан өмірімен сабақтас. Оның алғашқы саны 1940 жылдың 15 қыркүйегінде жарық көрді. Алғашқыда «Ленин жолы» деп аталған газет 1993 жылдан бастап «Аққу үні» деген атқа ие болды. Содан бастап аудандық газетке Ш.Сарсембаев, Б.Оспанов, М.Хангельдин, С.Қожықов, Қ.Алтыбасаров, Ә.Жүсіпов, Т.Құлмағамбетов, Қ.Әміренов, Е.Соколов, Т.Самко сынды қаламы қарымды қаламгерлер редакторлық етіп, оның өсіп-өркендеуіне зор ықпалын тигізді.
       Бүгінгі күні осы азаматтардың жолын Рымбай Ібіжан абыроймен жалғастыруда. Газет тілшілерінің бүгінгі күн талабына сай жауапкершілігін күшейтіп, ұжымды жаңаша бағыттарға жұмылдыруда атқарып жатқан еңбегі зор екенін оқырмандар қауымы да бағалап отыр.
       «Аққу үні» газетінің ұжымына денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс, отбасыңызға ырыс-береке, тыныштық, әрбір бастамада сәттілік тілейміз.
Жылдан-жылға оқырмандарыңның саны арта берсін демекпіз.

Айнұр НҰРАХМЕТОВА,
Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30