КӨШБАСШЫЛЫҚ – ӘЙЕЛГЕ ТӘН ҚАСИЕТ

облысымызда алғаш рет «Әйелдер көшбасшылығының жазғы мектебі» шарасы өтті

Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылықты ұялатқан әйел - өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Әйел алдымен отбасының ұйытқысы, сұлулықтың нышаны. Қазіргі уақытта нәзік жандылар отбасылық жауапкершілікті арқалаумен қатар, мемлекеттің дамуында да өзіндік орнын алуда. Оған баршамыз куәміз. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербеткен әйелдер қауымы қоғам дамуының тетігі болып табылатын кез келген салаларда аянбай еңбек етуде. Олар әрқашан қоғам тарапынан қошемет пен құрметке ие.

Еліміз тәуелсіздігін алып, тұғырымыз биіктеген кезеңде, яғни 1998 жылы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қабылданған 2006-2015 жылдарға арналған гендерлік  теңдік стратегиясы бекітілді. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы жемісті жұмыс атқарып келеді. Мұның өзі қоғамдағы барлық әйелдердің қорғансыз қалмайтындығының белгісі екені анық.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА,

Баянауыл ауданы.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 5 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31