Осындай атаумен облыстық Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінде халқымыздың біртуар перзенті, халық жазушысы, композитор, драматург Дихан Әбілевтің жеке заттарынан көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге талай дарындар дүниеге келген киелі Баянауылдың тумасы Дихан Әбілевтің қолданған жеке заттары, қолжазбалары, сонымен қатар, жазушының жеке кітапханасынан орын алған 700-ден аса кітап қойылған. Музейдің ғылыми қызметкері, өнер бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыровтың айтуынша, ұйымдастырылған шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, Ертістің Павлодар өңіріндегі әдеби мұрасын байыта түсуге септігін тигізеді. «Келер ұрпақ пен халқымыздың дарынды тұлғалары арасында сабақтастық болатын осындай көрмені өткізуге бірнеше жыл бұрын бел буғанбыз. Биыл Дихан ағамыздың Алматыдағы үйіне барып, ақынның қолданылған жеке заттары мен қолжазбаларын алып келдік. Көрме келер ұрпақты ата-баба рухында тәрбиелеу жолында игі іс болары сөзсіз», - дейді ол.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

