Биылғы жылдың басында Елбасының бағдарламасымен бой көтерген Ақсу қаласы №2 орта мектебінің жанынан балаларға арналған шағын орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл мекемеде 70-тен аса бүлдіршін тәрбиеленуде. Онда балдырғандардың музыкалық сауатын ашып, ән мен күйді үйретіп, қазақтың салт-дәстүрімен сусындатып жүрген Қисатова Гүлжан Құрмашқызы жұмыс істейді.
Оның бойында инабаттылық, кішіпейілділік, әдептілік, турашылдық секілді кез-келген адамның бойынан табыла бермейтін қасиеттер байқалады. Қанда йжұмысты бастаса да, оған ыждағаттылықпен қарап, тиянақты атқарады. Сонысымен үлгі-өнеге бола алады. Жүрек жылуын балалардан аямайды.
Гүлжан Құрмашқызының әр сабағы, ұйымдастырған мерекелік шаралары қызықты өтеді. Оның «Аналар – асыл жандар», «Наурыз мейрамы құтты болсын!», «Достық мерекесі», «Күз береке!» тақырыбында өткізген сабақтарын балалар ерекше қабылдады. Ата-аналардың да көңілінен шықты. Оған ризашылығымызды білдіріп, еңбегі әрқашан жемісті болсын деп тілейміз.
А.АбДРАХМАНОВА,
Ақсу қаласы.

