Жанымызда жемісті ісімен, ерен еңбегімен, дос-жаран, ағайын-туысқа деген адалдығымен өзгеге үлгі болып жүрген жайсаң жандар көп.
Өмірі өнегеге толы осындай азаматтардың бірі - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген белгілі спорт жаттықтырушысы, еркін күрестен жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Мұхаметалинов Оразалы Хамитұлы мен оның жан жары, ҚР Оқу-ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз - Әндерова Гүлнәр Ғалымқызы.
Мемлекеттік ту екі жағдайда, яғни Президент басқа мемлекетке іссапармен барғанда немесе халықаралық, әлемдік деңгейде өткен спорт жарыстарында спортшылары жүлдегер атанса ғана сол елдің мемлекеттік Туы көтеріліп, құрмет көрсетіледі екен. Бұл ретте тәуелсіз еліміздің көк байрағын биікке асқақтатып жүрген жас палуандар тәрбиелеген Оразалы ағаның қоғамдағы алар орны ерекше десек, ешкім дау айтпас. Себебі, халықтың ұлы, нағыз патриот атанып, сандаған спорт шеберлерін соңынан еріткен жаттықтырушының еліне сіңірген еңбегі толағай.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

