ЖАНЫНДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

 

      Қазіргі кезде қоғамдағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды өнеге етіп, жастарға үлгі болар әжелер аз емес. Солардың бірі және бірегейі – Мұсылман әйелдер лигасының мүшесі Сауқан Дүйсенбекқызы. Бүгінде Сауқан апай мерейлі 70 жасқа толып отыр.
      Сауқан Райысова 1940 жылы 27 шілде күні Павлодар ауданына қарасты Преснов ауылында дүниеге келген. Әкесі – соғыс ардагері, анасы- сауыншы болған. Еңбек жолының 12 жылын лагерьде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1962 жылы «Сүт» зауытына жұмысқа орналасты. Мұнда көп жылдар бойы балмұздақ жасау цехында қызмет атқарды. 32 жыл бойы жасаған еңбегі еленіп, әр түрлі мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды.
      Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы құрылғаннан бері Сауқан апай осы ұжымның белді де беделді мүшесі. Мұнда атқарып жүрген 19 жылғы жұмысы нәтижелер мен жетістіктерге толы. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдық, Павлодар облысының 70 жылдық, Астана қаласының 10 жылдық, Мұсылман әйелдер лигасының 15 жылдық, Тәуелсіздіктің 10 жылдық, Ұлы жеңістің 65 жылдық мерейтойлары кезінде ерекше құрметке бөленді. Ақмешітте діни білім алған Сауқан апай бес уақыт намаз оқиды.
     «Мұсылман әйелдер лигасы қарттар мен жетім балалар үйіне үнемі барып тұрады. Сондай-ақ, әр түрлі білім ордалары мен мәдениет ошақтарында болатын іс-шаралардан да қалыс қалмайды. Қазағымыздың шілдехана, бесік той, қыз ұзату, келін түсіру секілді салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптары жайлы мәлімет беріп, ұрпақтарымыздың санасында қалсын деген ниетпен көріністер қоямыз»,-дейді Сауқан Дүйсенбекқызы. Жастарымыз иманды, әдепті болып, әрдайым мерейлері үстем болсын деген тілегін де білдірді.
     Лига төрайымы Зара Қабдешқызының бастамасымен әжелер Түркістан, Астана қалаларына барып, ән айтып, өнерлерімен халықты тамсандырған болатын.
     Сонымен қатар, Сауқан апай - он саусағынан бал тамған қолөнер шебері. Әр түрлі ою-өрнектерді кестелеп, көрпе, жастық және тағы басқа қолөнер бұйымдарын тігеді.
     Қыркүйек айының 13-ші жұлдызы күні отағасы Райысов Ғалымжан Рақымжанұлы екеуінің шаңырақ көтеріп, отау құрғандарына 50 жыл толады. Ғалымжан Рақымжанұлы – еңбегі сіңген МАИ қызметкері. Қазір құрметті демалыста. Сауқан апай мен Ғалымжан ағай Сапарғали, Мейрам, Сәуле атты үш баланы тәрбиелеп, өсірді. Сапарғали – қылмыстық іздестіруде қызмет атқарып, қазіргі кезде зейнеткерлікке шықты. Мейрам - мұнай саласындағы жұмыскерлердің бірі болса, қыздары Сәуле – дүкенші болып еңбек етуде. Сауқан апай - 7 немеренің, 3 шөберенің ардақты әжесі.
70 жасқа толып отырған Сауқан апайға зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Әрқашан отбасында шаттық пен қуаныш мол болсын, қоғамдық жұмысыңыз жемісті өрілсін дейміз.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30