«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясына атсалыс!

     Отбасы мен балалардың мүдделерін қорғау, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге баса мән беру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Бұл мәселелер Елбасының биылғы Жолдауында да кеңінен сөз етілген.
     Міне, осы бағыттағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, республика көлемінде жаппай өтетін бұл игі шара арқылы аз қамтылған және әл-ауқаты төмен отбасылардың, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық жәрдем көрсетілмек. Яғни олардың мектеп табалдырығын еш мұқтаждықсыз аяқ басуларына жағдай жасалады. Сонымен қатар акция балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алуды көздейді. Қайырымдылық шараның нәтижелі өтуіне барлық қала, аудан, ауыл әкімдерінің орынбасарлары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар төрағалары бастаған арнайы құрылатын ұйымдастыру комитеттері атсалысады. Аталмыш ұйымдастыру комитеті қажетті іс-шаралардың арнайы жоспарын жасайтын болады. Жоғарыда аталған комиссия мүшелері акцияға өңірдегі іскер азаматтарды, барша тұрғындарды тартуға күш салады. Бір сөзбен айтсақ, жанында жүрген мұқтаж балғындарға қалталы, мүмкіндігі бар азаматтар бей-жай қарамай, шама-шарқынша көмек қолын созғаны абзал. Себебі «көп түкірсе, көл» емес пе?! Тағы бір айта кетерлігі, акцияның өту барысы, оған белсенді түрде қатысқан тұлғалар, сонымен бірге уақытылы көмек алған балалар жөнінде материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланып тұрады.

Павлодар облысы әкімі жанындағы
әйелдер және отбасылық-демографиялық
саясат бойынша облыстық комиссия.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31