ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары Т.Сыздықов және В.Бобров жұмыс сапарымен Тереңкөл ауылында болып қайтты. Аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалында өткен кездесуге аудан активі мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Шара барысында мәжіліс депутаттары бүгінгі таңда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарына, сондай-ақ атқарып жатқан депутаттық қызметтеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, қашырлықтардың көкейінде жүрген сауалдарға тұшымды жауап беріліп, аграрлық мәселе төңірегінде сөз қозғалды.
Сапар соңында халық қалаулылары аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік орындарды аралады.
Г.ЖАЯБАЕВА,
Қашыр ауданы.

