тұрғындар төлқұжат алу үшін күні бойы тапжылмай күтуге тиіс
Редакцияның телефоны шыр ете қалды. Қоңырау шалған адам газет тілшісіне шығуға мәжбүр болғанын айтты. Себебі, бұл - көпшіліктің наразылығын тудырып отырған жайт. Төлқұжат алу үшін таңертеңгісін барған азамат түскі үзілісте де мекеменің есігін күзетіп, кезегін күтуге мәжбүр.
Шағымданушының айтуынша, Павлов көшесі, 48-үйде орналасқан құзырлы мекемеге жеке бас құжаттарын (куәлік, паспорт) ресімдеуге келгендердің легі көбейген.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ,
Павлодар қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 21 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

